«Зумба» биі шымкенттік жастардың көңілін аулауда

Керемет көңіл күй, жанданған қимыл, тамаша топтасқан әуенді сыйлайтын «Зумба» биі шымкенттіктерге жетті. Қаламыздың жастары қосыла билеп, кештің көркін кіргізді. Ритімдік попурри латиноамерикандық, испандық, африкандық қимылдарды бойына жинақтап, жастардың көңілін аулады. Замандастарымыз тіпті әуенді қосыла шырқап, бидің мәртебесін көтерді. Қимылдары қиындау болып көрінгенімен, көңіл көтеруде шеберлік танытатын «Зумба»-ға жастар тәнті болды.

«Зумба» биін шымкенттіктер белсене биледі

Мариям Бақытова: «Мен тек теледидардан көріп бұл биге қызығышылығым ауды. Осылайша, тек көзбен көріп, тамашалап жүретінмін. Бүгін осында арнайы маман келіп, өнер көрсетеді деген соң, қуана келген едім. Енді, міне үйреніп жатырмыз. Расында да тамаша би. Жастардың барлығы жиналып, бидің қыр-сырын меңгеруде. Сондықтан, бізде барымызша аталған биді үйренуге тырысып жатырмыз. Ал сахнадағы биші-мамандарға қатты қызығып тұрмын. Жасыратыны жоқ, нағыз бишілер! Әрбір билеген іс-қимылдарының өзі «Зумбаның» жұмбаққа толы екенін дәлелдей түседі».

Марлен Амангелді: «Бүгін жай ғана достарыммен қаланы аралауға шыққанбыз. Көрші дәмханада отырсақ, әннің даусы жарқын-жарқын шықты. Жастардың «Зумба», «Зумба» деген дауыстары естілді. Не болып жатыр екен деген қызығушылықпен келдік. Келгеніміз жақсы болыпты. Жаңа биді үйренетін болдық. Әрине, қиындау. Бірақ бастапқыда ғана осындай болатын шығар деп ойлаймын. Әлі-ақ үйреніп кетеміз. Дүние жүзіндегі ең сәнді билердің қатарынан орын алып отырған «Зумбаға» біздің де қызығушылығымыз ауып отырғанын айтқым келеді. Алдағы уақыттарда би алаңдарында осы биді жастар қауымы болып билейтінімізге сенімдімін.

«Зумба» биі шымкенттіктердің қызығушылығын тудырды

Зумба үлгісінде билеу алғашында Латын Америксасында кеңінен дамыған. Ақш, еуропа, Ресейде қанатын кеңге жайған би бүгінде Қазақстанда жалғасын тапты. «Зумба» ағылшын тілінен аударғанда — бидің фитнес бағдарламасы деген ұғымды білдереді. Белсенділікті талап ететін бидің негізін колумбиялық белгілі хореогроф Альберто Перес қалапты. Міне, сол уақыттан бері әлемдік би саласында сәннен түскен емес. Айта өтейік, бұл би адамның жас ерекшелігін талғамайды. Тек еркін қимылдай алсаңыз болғаны. Ал шымкенттіктер үшін зумбаның қыр-сырын түсіндіру, үйрету үшін биді меңгерген маман Юля Орлова көмектесіп жүр.

Юля Орлова, жаттықтырушы: «Бұл бидің ешқандай да қиындығы жоқ. Ешкімге ешқашан. Жасыратыны жоқ, бүгінде Зумбаны күллі әлем жұртшылығы билейді. Көбіне оңай әрі көңілді би болғандықтан, әлемге әйгілі болып, көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Бүгін шымкенттің жастарына биді үйретіп жатырмын. Қуантатыны – қаншалықты бидің қиындығына қарамастан, жастар тез жаттығып билеп жатыр. Шымкенттіктердің белсенді жастарына қарап, қызықпасқа шара жоқ.

Ендеше Зумба жаздың ең танымал әрі сәнді биі. Заманауи Хип-хоп, брейк-данс билерінің қатарын толықтырды. Зумбаға көңілі ауған замандастарымыз биді уйреніп, жастолқынның талғамын жаңартқысы келеді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*