ЖОО-лар бірігіп жатыр, ұтарымыз не?

Саннан сапаға! Шымкентте жоғары оқу орындарын біріктіру басталып кетті. Алғашқы болып Шымкент әлеуметтік-педагокикалық университеті мен академиялық-инновациялық университеті бірігіп, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті болды. Бас мұғалімнің Жоғары оқу орындарын ірілендіру-оңтайландыру бастамасынан ұтарымыз не?

13-тамыздан бастап, білім министрлігі берген лизенциясымен жұмыс жасап жатқан университет еңбірінші болып Оңтүстікте ірілендірілген жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі. Құрамындағы екі білім ордасының әрқайсысында жеті мыңға жуық студенттері бар екен. Біріктіру нәтижесінде материалдық және инновациялық жетістікке жетуді мақсат етеді. Бірақ оқытушыларын қысқартып, студенттерін қаңғыртып қою жоспарларында жоқ.

Студенттер қорықпаса да болады

Талғат Ниязов, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің ректоры:»Бұрыңғы студенттеріміз қала береді. Қайта оларға жоғары сапалы білім беріледі. Тек дипломдарын жаңа университеттің атынан алады. Магистратурада оқитындар да солай. Сондықтан, студенттеріміз даурықпай, оқуларын жалғастыра берсе болады. Оқу ақысы да қымбаттамайды. Былтырғы баға бойынша қалады. Келер жылы, университетіміздің мүмкіндіктеріне қарай өзгертуіміз мүмкін».
Биыл ҚР білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру шеңберінде 40 ЖОО-ны тексереді деп жариялады. Соның нәтижесінде өңірлердегі әлсіз 2-3 оқу орындары біріктіріледі. Бүгінгі күні Қарағанды қаласында үш ЖОО-ны бірігіп, орнына ОрталықҚазақстан академиясы құрылып үлгерген. Мұндай біріктіру жұмыстары Шым қаладан бастап, Тараз, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында да жүзеге асады.

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым министрі:»ЖОО ірілендіру жалпы жүйеге оң ықпал етіп, нәтижесінде анағұрлым бәсекеге қабілетті, инфрақұрылымы дамыған, білім берудің қажетті деңгейі мен сапасын қамтамасыз ете алатын ЖОО ие боламыз деп үміттенеміз».
Университеттерді оңтайландыру жоғарғы білім сапасының нашарлауына, еңбек нарығында біліктілігі төмен мамандардың пайда болуына және соның салдары ретінде дипломдардың құнсыздануына берілген жауап дейді мамандар.

Қанат Байболов, техника ғылымдарының кандидаты, доцент:»Өз басым бұл ірілендіру-оңтайландыру жүйесін қолдаймын. Мұнда жоғары білімнің сапасы өседі. Бірігу-педагогтарды қысқарту емес. Қайта біліктілігін арттырып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Жоғары оқудың мәнін ұғындыру».
Санына емес, сапасына көңіл бөлген бас мұғалім, елдің есті ұрпағы мен білікті маманын даярлауға білек сыбана кірісті. Бір-бірімен жарыса, деңгейі төмен мамандардың жолын осылай кеспек.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*