Жерлесіміз Жолбарыс Сейфуллиннің жаңалығы көп

Сазгер әрі әнші Жолбарыс Сейфуллин жерлестерін Тәуелсіздік күнімен арнайы құттықтай келді. Туған жерінің тұғырлы сахнасында ән шырқап, жаңа әндерін арқалай келіпті.

Сейфуллин Жолбарыс
Сейфуллин Жолбарыс

Гитарасын асына шыққан әншіні оңтүстікқазақстандықтар керемет көшеметпен қарсы алды. Шытымыр аязда шымқалалықтардың соғылған шапалағы мен көрсеткен кұрметіне дән риза болды.

Сейфуллин Жолбарыс: «Шымкенттіктер үнемі жылы қарсы алады. Өзімнің жерлестерім болғандықтан да үнемі жаңа әндермен келгенді жақсы көремін. Мерекені бірге қарсы алдық, лайым көк туымыз биік желбіресін».

Сазгер сырын ақтарды. Өзінің орындайтын  шығармалары былайғы жұртқа жеңіл-желпі дүниелер боп көрінгенмен шындығында мүлде олай емес деп өкпесін де білдірді.  Тыңдайтын құлақ болса философиялық ой-толғамдарға құрылған әндері жетерлік екен. Қазақтың бас ақыны Абай атамыздан бастап бірқатар танымал ақын-жазушылардың өлеңдеріне ән жазып тастапты. Егер ән сүйер қауым ойлы әуендерді тыңдауға ықылас танытып жатса, оны ғаламтордан оңай тауып алуға мүмкіндік жасалған. Тек мониторға «Сейфуллин Жолбарыс» деп жазып батырманы бассаңыз, оның жазған әндері тізіліп шыға келеді.

Гитарасын арқалай шыққан Сейфуллин халықтың қошеметіне ие болды
Гитарасын арқалай шыққан Сейфуллин халықтың қошеметіне ие болды

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*