Жазғы демалысты тілшілер қайда откізеді?

Жаз шығысымен алатын заңды еңбек демалысын тілшілер қауымының дені қайда және қалай өткізетіні туралы ойлай да бермейді. Алдын ала жоспарлап, шет елге шығатын төлқұжатын дайындап немесе айқындап қоятындар да аз.  Күннің ыстығы мен қыстың суығында қолынан микрафоны мен қаламы түспейтін жорналшылар қайда және қалай демалғанды дұрыс көреді? Табиғаты мен сұлулығы жарасқан еліміздің демалыс аймағында ма, жоқ әлде өзге шет елде ме? Міне, осы сұрақ аясында олардың пікірімен бөлістік.

Мира СҮлейменова демалыста

Мира Сүлейменова, «31» телеарнаның меншікті тілшісі: Өкінішке орай, қазір өз елімізден гөрі, шет елге барып, демалып келген әлдеқайда тиімді болып тұр.  Өзім қысқы демалысты Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу -Дабиде өткіздім. Мұсылман елі, өте тыныш, керемет ертегі әлеміне түскендей әсер алдым.  Жергілікті халықтың рухының мықтылығы көзге ұрып тұрады. Не деген қанмен сіңген тәрбие дерсің! Кіп-кішкентай баласына дейін өте байсалды, бүкіл әлем аяғының астында жатқандай, кеудесін керіп тұрып жүреді. Бір жағынан тәкаппарлық десек, екіншіден, әрбір азаматы «мен осы елдің қожайынымын» деп тұрғандай. Бұл ең бай әрі үлкен шаһар. Әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі Зайыт шейх салған алып Алла үйін араладым. Қаладағы ірі сауда орталықтарында әлемнің атышулы брендтерінің тауарлары сыймай тұр. Бағасы да әлдеқайда арзан. Қытай жасаған кішігірім сувинирлер толып тұр. Бағасы біздің ақшамен мың теңгенің көлемінде. Өзіме Швейцариялық қол сағат, қайтарға бірер күн қалғанда жүгіріп жүріп, жақындарыма сыйлықтар сатып алдым. Үндістан мен Иран тауарлары да көп екен. Әсіресе матаның түрі. Әркімнің өз сұранысына байланысты қаржы жұмсалады ғой негізі. Бір адамға жолы мен тамағы, сыйлықтарына кемінде 200 мың теңге кетеді.   Баян Каюпова, ОҚО КЕдендік бақылау департаментінің баспасыз-хатшысы: Шет елге шығуға мүмкіндік бола тұра, бұл еңбек демалысымда өз елімде өткізуді жөн көрдім. Алматы облысының маңында орналасқан «Ән айтатын бархан» деп аталатын табиғаттың  керемет жері бар дегенді естігенмін. «Ол қалай ән айтады?» — деп аң-таң болып, өз көзіммен көруді мақсат тұттым. Екі күн өткеннен соң достарыммен, жанұяммен бірге сол жерге бардық. Алдымызда  ауасы таза, оңтүстіктің кең Сахарасы төселіп жатты. «Құмды» тауға шығу 20-30 минутты алса да шаршамадық. Барлығымыздың көкейімізде бір сұрақ: «Бархан қалай ән айтады? Қалай???»  Шыңға шықсақ, барлығы үш бархан бар екенін көрдік. Қандай тамаша жер, суреттегідей десем қателеспеймін. Шыңның басына шықсақ, шетелдік туристтерді де көріп қалдық. Бірі Швейцариядан, бірі Чехиядан арнайы келіпті. Біздің «әнші» бархандарымызды көру — олардың мақсаты екен. Барлығымыз у-шу болып, тынышталып, ән естуге дайындалдық. Сөйтіп үнсіздікте тұрғанымызда, бір қазақ келіншек: «Не істеп тұрсыздар? Болсаңыздаршы!» — деп, барханның төбесіне тізіліп отырған адамдардың қасына жайғасып, отыра кетті. Қастарына барып, біз де үн демей отырдық. Сосын арғы жақтан біреу: «Бір, екі, үш!!!» — деді де, шың басынан барлығымыз қалыспай сырғанай түстік! Сонша шыққанымыз — шыңның басынан сырғанау болды ма? — деп ойланым. Сөйте келе, бір кезде барханның астынан бір реактивті зымыран ұшақтың моторының дыбысы шыққандай болды. Зууу-зууу! Мәссаған! Мына қандай керемет?!! Бархан ән айтады!!? Барлығымыз кішкентай балалардай сырғанап, біреулер домалап кетті! Әсер сөзбен айтып жеткізе алмайтындай болды! Жер сілкінгендей дыбыс шығып, бір кезде сол барханның астынан бір ашулы аңның дауысы естілгендей болып кетті ме?! Қазақстанның неше түрлі керемет, табиғаты тылсым жерлері өте көп! Шетел аралап жүргеннен гөрі, шетелдіктер қызығатын өзіміздің табиғатымызға не жетсін, шіркін!)))   Қанат Жүнісбеков, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында редактор:

Қанат ЖҮнісбеков

 

Қазақтар демалуды білмейтін тек пейнетке жаралған халықпыз ғой.  Біздер демалыс кезінде ауылға барып, көмек көрсетеміз. Ал шет елде дұрыстап демалу үшін қыруар қаржы қажет. Журналистердің арқалағаны алтын, жегені жантақ демекші, мынадай айлықпен ешқандай журналист шет елге барып, дем ала алмайды.  Оның үстіне елімізде де табиғаты тамаша, ауасы саф тау бөктеріндегі демалыс аймақтары жетерлік. Өкініштісі, сол жерлерде демалушыларға жасалған жағдай жоқ. Енді ғана Төлеби мен Түлкібаста бұл сала  қолға алынып келеді.Ол үшін бізге кешенді демалыс аймақтарын салу керек. Біздің табиғаты тамаша, талай тарихты қойнауына басып жаткан, ыкылым замандардан сыр шертетін мекендер, тарихи орындар, демалыс аймактарды қолға алсақ, оңтүстік туризмнің отаны болуға лайық. Арысы Рухани астанадағы Яссауи кесенесі, берісі Сайрамдағы сансыз бап, тау бөктерлері кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Сондықтан Қазақстанның керемет жерлерін аралауды жөн көремін. Ирина Абрамова, «Жетінші» телеарнаның меншікті тілшісі

Ирина Абрамова

Мен Анталиядан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Алания деген қалада демалдым. Ол жердің туристерге онша ұнай бермейтіндігі жөнінде естісем де, маған онда өте қатты ұнады. Теңіз суы өте таза және жылы. Әрі мамыр айында табиғаттың көрінісі де тамаша болады екен. Экскурция өте кәсіби түрде және қызықты жүргізілді. Тамақ та күндіз түні беріліп тұрды, өте дәмді. Сусындарды талғамыңа орай таңдай аласың. Ал бұл екі адамға арналған бар жоғы  1200 долларға жуық қаржы кетті. Анталияға барып, қайта келуі жолқасыда соның ішінде. Өз елімізде қаржы жағынан да, көрсететін қызмет сапасы жағынан да салыстыра алмайсың. Адамның алаңсыз, толықтай демаулына барлық жағдай жасалған. Егер өз елімізде де осындай демалыс аймағы бар болса, шет елде емес, өз жерімізде де демалар ма едік.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*