Жастарды жылдам сөйлесуге шақырамыз

Техника заманының тиімділігі соншалық-жансыз зат компьютер арқылы бір-бірімізбен сырласып, етене араласып барамыз. Біздің арнаның жастар сайты өз достарына арнап «Жылдам сөйлесу» айдарын ашып отыр.

«Мой Шымкент» жастар сайты

«Мой мирден» шыкпай, агентте отыратын достарыңызбен біздің айдарда кездесе аласыз. Тиімділігі сол, жылдам хабар алмасуға жағдай жасайды дейді сайт редакторларының бірі Арайлым Талқазықызы.
Арайлым Бексейітова, shymkent.otyrar.kz сайтының редакторы: «Біз оқырмандарымызға арнап, жылдам сөйлесу айдарын ашып отырмыз. Журналистердің жазған материалдарын сол мезетте талқылап, пікір білдіре алады. Сүйікті авторларымен тығыз байланыста болып, жақынырақ танысуға жағдай жасадық».

«Жылдам сөйлесу» жастарға арналған

Айта кетейік, кез-келген шымкенттік осы «чаттың» қадірлі қонағы болып, пікір қозғаушы күшке айна алады.
Арайлым Бексейітова, shymkent.otyrar.kz сайтының редакторы: «Әрбір оқырманымыз бізде тек қана қонақ болып қоймайды. Олар өз ұсыныстары мен талап-тілектерін білдіре алады. Өздері көрген немесе естіген жаңалықтарымен бөлісіп, бірінші болып біздің сайтқа жүктей алады. Журналист жазатын мақаланың негізін қалауға түркі бола алады».
Жас тілші Даурен бос уақытын осында өткізуді әдетке айналдырып барады.Керек әріптесін осында тауып, сырласуға шақырады. Бұл заман талабы дейді жас тілші.
Даурен Әбдіраманов, жас тілші: «Отырар TV телеарнасындағы жастар сайтының сұранысы артып отыр. Сондықтан жастарға жағдай жасап, жылдам сөйлесу бұрышын ашты. Жақсы бастама, әсіресе жастарға тиімді. Шымкенттік жастарды осы сайтқа шақырамын».

Жас дос, бізге қосыл!

Шымкенттің жаңалығын бірінші, әрі тиімді, шынай жеткізетін жастар сайты «Мой Шымкентте» жаныңызға керектің барін табасыз. Үйіңіздегі көк жәшіктен түспейтін отырарлық тілшілермен етене таныса аласыз. Бұл-ең бастысы болу керек.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*