Жастарды кәсіпкерлікке үйретеді

Жасың 18 бен 29 аралығында ма? Бизнеспен шұғылдануға ниетің болса, кәсіпкерлік мектебі сізге арналады. «Даму жастар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ОҚМУ-нің технобағының ғимаратында жастар кәсіпкерлікке үйреніп, оның әліппесін меңгере алады.

жас кәсіпкерлер мектебі жыл соңына дейін жұмыс істейді

«Даму» қоғамдық бірлестігі әр оқуды екі апта бойында жүргізеді. Бизнесті қалай жүргізу қажеттігін асығы алшысынан тұрған кәсіпкерлерлер өмір тәжірибесімен бөліседі. Жас кәсіпкер мектебін тамамдағанға сертификат беріліп, үздік бизнес жобаға 3 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Жас кәсіпкерлер мектебіне келіп, нәсібін ұлғайтуды көздегендердің арасында Марат Құдайқұлов та болды.

Марат Құдайқұлов,  жас кәсіпкер: «Достарыммен келдім. Негізі кішігірім жолға қойылған бизнесім бар. Бірақ, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау болып өқалады. Оның үстіне тіс қақан мамандар өмірлік тәжірибесімен бөліседе деген соң келіп отырмын».

Жас кәсіпкердің жоспары көп. Қаржы болса болғаны

Мұнан соң біз Мараттың қазіргі бизнесімен таныстық. Ол 2004 жылдан бері жалюзи жасап, оны орнатумен айналысады екен. Үш досымен басталған бұл істері бүгінде өз жемісін де беріп келеді. Жақында жартылай автомат станок сатып алып, жігіт бірнеше адамды жұмыспен де қамтып отыр.

жалюзидің түр-түрін жасайды

Жалюзидің түр-түрін жасап шығаруға машықтанған Марат пен оның әріптестерінің ендігі бірнеше жобасы бар екен. Жүзеге асады ау дегенін оқудағы білікті мамандарға көрсетпек.

Қазір Мараттың кәсібін әкесі мен ағасы жүргізуде

Қазір кәсіпкерлер мектебінде 50 оқушы. Жыл соңына дейін мұнда 400 жасты оқыту жоспарда бар. Орыс және қазақ тілінде өткізілетін семинарлар күнделікті 4 сағаттан 2 аптаға жалғасады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*