Жастар жоғалуда

Бұл адасқан Айдар. Осыдан үш жыл бұрын ата-анасынан баз кешіп үйінен қашып кеткен. Сөйтіп туғын туыстарын ғана емес, бүкіл полицейлерді де аяғынан тік тұрғызды. Енді жігіт мұнысына қатты өкініп жүр.

Айдар
Айдар

«Үш жыл бұрын үйдегілермен қатты ұрысып қалдым. Оқуға түскім келіп еді қаражат болмауынан түспей жыным шығып, Меркеге кетіп қалдым»,-дейді ол.

Соңғы кездері біздің замандастарымыз жиі жоғалатын болды. Бір жыл ішінде  50-ден аса жасөспірім жоғалса, олардың 10-ы әлі күнге дейін табылған жоқ. ІІД-тің өкілдері де жастардың бұл қылығынан зәрезап болса керек.

Салтанат Қаракөзова-ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі
Салтанат Қаракөзова-ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі

«Жоғалу оқиғалары кезінде жедел іздестіру топтары жұмысқа кіріседі. Табылып жатса жақсы, ата-аналарына апарып береміз. Көбісі сол ата-анасымен ұрысып қалып, үйінен кетіп қалғанын айтады».

 

Гүлчехра Мәтиева өзінің жоғалған қызын әлі таппай жүр. Фатима есімді қыз 9-сыныпты бітірген соң  ізім-қайым жоқ боп кеткен. Ана жүрегі езіліп, етегі жасқа толып отыр.

Гулчехра Мәтиева
Гулчехра Мәтиева

Бір проблема болмаса бала үйден кетпейді. Психологтар осылай деп санайды. Жастар үйдегі жанжал мен түрлі  қиындықтарға шыдамай бас сауғалап кететін көрінеді.

Қаракөз Момбаева-психолог
Қаракөз Момбаева-психолог

 

«Екі фактор бар. Бірінші фактор отбасыдағы тәрбие және балаға көніл бөлмеуі. Екінші фактор оқу процессінде көңіл бөлмеуі».

 

 

 

 

 

Үйден қашу оқиғасы өкінішке, кей жағдайда қайғыға да әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан әр қадамынды ойлап бас замандас.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*