Жастар жаман әдеттен аулақ болсын

26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Елімізде нашақорлар саны жылсайын 55 мыңға артып отырғанын ескерсек, онымен күресудің қажеттілігі қаншалықты керек екені айтпай-ақ, белгілі.

Облысымыздағы наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігері Меруерт Мырзахметованың атйынша, былтырғыға қарағанда уыт құмарлар саны едеуір азайған көрінеді. Облыстық наркологиялық диспансерде 1632 әйел тіркеуде тұрады екен. Олардың 1296-сын ішімдік мазаласа, 254-і нашақорлар санатында. Арулардың осындай ауыр да, ауыр жолды таңдауы- болашағымызға балта шапқанмен тең. Үш мыңға жуық нашақор бар ресми тіркелген. Оның бесеуі жасөспірім. Бірі қызығып бастаса, енді бірі қиындықты көтере алмай осы дертке шалдыққан. Біз толыққанда емдеп береміз дей алмаймыз. Біз тек алдын-аламыз. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Сондықтан болар, биылғы жылы уыт құмарлардың саны азайып отыр.

Нашақордың өмірі-өлім

Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.

Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.

Жастар жаман әдеттен аулақ болғай

Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.

Балаңыздың қарнының тоқтығын ғана емес, тәрбиесіне де мән беріңіз. Болашағыңызды бүгіннен бастап, айқындап, айырып алыңыз. Балаңыздың жолын бағдарлаңыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*