«Жастар практикасы» жастарға не береді?

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орнын бітіріп, жас маман атанып жүргендер қаншама. Десе де келер күннен күтері көп жастардың жұмысқа тұру мәселесі де елдің басты күн тәртібіне қойылып отыр. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында «Жастар практикасы – 2012» жобасын енгізді. Ендеше, Ждиплом алған жастар жұмыссыз қалмайды деген сөз.

Айгерім Қалдарбекова, ОҚМПИ-дің түлегі: «Мен бүгін қызыл диплом алып отырмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Енді бұл қызық диплом — 4 жыл бойы алған білімімінің жемісі деп білемін. Сондықтан алдағы уақытта елімнің ертеңі, болашағы үшін аянбай еңбек етемін. Сөз соңында айтарым, Қазақстан деп аталатын Отанымның дамуына нендей болса да үлес қосуды көздеп отырмын».

Нұрсұлтан Тілеуберді, ОҚМУ-дің түлегі: «Расында да біз жоғарғы білім алып, жас маман атанып отырмыз. Енді бұл жауапкершіліктің жүгін мойнымызбен сезінуіміз міндетті. Ендеше, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынып отырған мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз қажет-ақ. Сол себепті мен «жастар практикасына» арқа сүйегім келіп отыр. Күні ертең барып, құжаттарымды өткізбекпін. Ұстаздарым мен ата-анамның, қала берді елімнің үмітін ақтап, 6 ай ішінде де өзімнің қабілеттілігімді көрсетіп, елімнің өркендеуіне үлес қосу үшін аянбай еңбек етемін деген ойдамын».

Дипломы бар жастарды Елбасының елеулі бағдарламасы күтіп тұрғанымен, жастардың басым бөлігі бұл жобаға көңіл аудара бермейтіні бар. Алайда соңғы бес жылдан бері дипломды жастарды жұмыспен қамтып жүрген бағдарламаның биылғы барысы да жаман емес. “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы – тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін таптырмас мүмкіндік екені тағы бар.

Жадыра Дәуренбеков, қалалық жұмыспен қамту орталығы әкімшілік бөлімінің бастығы: «Негізінде «жастар практикасы» 6 ай көлемінде беріледі. Егер жас маман осы 6 ай ішінде өзін жақсы қырынан танытып, білімін көрсетіп, жұмысқа қабілеттілігімен көзге көрінсе онда сол мекемеде қалуына мүмкіндігі мол. Егер жұмыс жасаған жерінде қалуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, бізге қайта келуі керек. Біз оларға басқадай білім бере отырып, басқа мекемелерге жібереміз. Өзге сала бойынша да оқытып, бар көмегімізді аямаймыз».

Жастар тәжірибесі бағдарламасынан өткісі келген жас маманға қажетті құжаттар мыналар:

  1. Жеке куәлігінің көшірмесі – 2 дана
  2. СТН (Салық төлеушінің нөмірі) (РНН) көшірмесі – 2 дана
  3. ӘЖК (Әлеуметтік жеке кодының) (СИК) көшірмесі – 2 дана
  4. Үй кітапшасының көшірмесі – 2 дана
  5. Дипломның көшірмесі – 2 дана
  6. ЗЖҚ (Зейнетақы жинақтау қорының) (ПНФ) келісім-шарт көшірмесі – 2 дана
  7. Халық банкінен есеп шот – 1 данаТолығырақ мәліметті мынадай телефонға хабарласу арқылы анықтай аласыз.54-02-34, 53-43-31

Айгерім Дүйсенова – “Жастар тәжірибесі» бойынша өңіріміздегі жастар орталығында бас есепшінің көмекшісі болып жұмыс жасауда. Алматы темір жол академиясында есепші мамандығын тәмәмдаған ару бұл жоба – жас маманға үлкен мүмкіндік дейді. Сонымен қоса арманы асқақ Айгерімнің жоспары да жоқ емес.

Айгерім Дүйсенова, жас маман: «Мен мұнда келгелі көп нәрсені үйрендім. Мәселен, іс-қағаздарымен. Бұл аз десеңіз, әріптестермен жұмыс жасауды, көпшілік ортада өзімді қалай ұстауға дейін үйрендім ғой. Енді алдағы уақытта жақсы жұмыс жасап, осында қалуды жоспарлап отырмын. Себебі, әріптестеріммен де тез тілбасып кеттім. Олар да тәжірибесімен бөлісіп, білгендерін үйретіп, кеңес береді. Бұл мен үшін таптырмас қолдау!»

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*