Жас тілшілер құрметке ие болды

Ақ тілектер, толассыз марапаттаулар, сый табыстау, құттықтаулар. Дәл осы құрметтің барлығы да бұл күні «Отырар-TV» телеарнасының, Рабат, Оңтүстік Рабат басылымдарының тілшілеріне арналды. Әрдайым Журналистер күнін асыға күтетін тілшілер бұл жолы да мерекенің мәртебесін көтеріп, тойлады. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін тілшілер қауымының жұмысы жауапкершілік пен қабілеттілікті талап етеді.Әрбір күні қызықты оқиғаға толы өтетін тілшілерге қандай құрмет көрсетілсе де ләзім. Сондықтан жас тілшілер лайықты марапаттаулар алды бұл күні.

Тағабай Қасым, «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі: «Иә, жас тілші болып жұмыс істеу кез келген жанның қолынан келе бермейді. Себебі, тілші болу үшін адамның қабілетті болуы жеткіліксіз, сондай-ақ талмай-тынбай ізденісті талап етеді. Сонда ғана жеке басың мен жұмысыңды қатар алып жүре алатын боласың. Бүгінде облыс әкімінің қолынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар алып жатырмыз. Бұл да болса, еңбегіміздің еленгені деп білемін. Айта өтейін, біздің газет халық мүддесі үшін жұмыс жасайтындықтан, қарапайым халықтан да құттықтаулар түсіп, бізді бір серпілтіп тастап жатқан жайы бар. Барлық сыйдан қымбат болып отырған оқырмандарымыздың ақ тілектерін қабыл алудамыз.

Айта өтейік, Облысымызда екі жүзге жуық баспасөз құралдары бар екен. Бұл күні тілшілерді төл мерекесімен облыстық соттың төрағасы құттықтады. Арнамыздағы «Заң» бағдарламысының авторы, талантты тілші Ернар Балабеков те марапаттан шет қалмады. Алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталып, журналистің мерейін бір көтеріп тастады. Бұл аз десеңіз, «Дидар-2012» аталымын арнамыздың белгілі, қаламы қарымды тілшісі Мақпал Ибрагимова иеленді. Бүгінге дейін, «Үздік журналист» аталымын алып үлгерген тілші бұл сыйға лайық деп табылды.

Ернар Балабеков, «Отырар-TV» телеарнасының тілшісі: «Бүгін жасаған жұмысымызды елеп, бағалап, марапаттап отырған сот төрағасына риза болдым. Жалғыз мен емес, «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жәмила Мамырәліні де құттықтап, бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ бұл марапаттаулардың барлығын да еңбегіміздің еленгені деп білемін. Бастысы халық пен билік арасындағы алтын көпір болып отырған бізге деген көпшіліктің құрметі байқалуда».

Ернар Балабеков марапатқа ие болды.

Мақпал Ибрагимова,  «Отырар-TV» телеарнасының тілшісі: «Шынымды айтсам, мен мұндай  марапатты күткен жоқпын. «Дидар» аталымы табысталды. Әрине, дәл қазіргі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Десе де бұл — менің ғана емес, «Отырар» телеарнасының да жеңісі» деп айтар едім. Сондықтан алдағы уақытта да «Отырар-TV» оттай болып жүре берсін дегім келеді».

Мақпал Ибрагимова «Дидар-2012» аталымына лайық деп табылды

Десе де бұл марапатқа ие болған тілшілердің бір бөлігін ғана ұсынып отырмыз.Билік пен халық арасындағы дәнекер болып, жаңалықтың жаршысы болып жүрген жас жорналшылардан халықтың күтері көп. Сондықтан әрдайым ақпартты шұғыл жеткізіп қана қоймай, халықты шынайы хабармен сусундатып отырған тілшілердің атқарары алда екені анық. Осы орайда, «Отырар-TV» телеарнасының «Жастар редакциясы» тілшілері де журналшылар күнінде марапаттаулар мен құттықтауларға көмілді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*