Жас әнші Мадина Ералиева есімін жаңғыртқысы келеді

Жас талант иесі Мадина Ералиеваның арманы асқақ. Мәселен 17 жасар ару Мәдина көптеген ән байқауларының жеңімпазы болып үлгерді. Жамбыл облысында туылған ол  бүгінде ән айтып, Мәдина әпкесіне еліктейді. Әжесі Мәдинаның есімін қояр кезде де, осыны тілге тиек етіп, «Мәдинадай елдің қызы бол!» —  деген екен. Болашағым да , өмірім де , жүрегім де ән деп соғады дейді Мәдина Ералиева өз сөзінде. Сондықтан, келер күннен күтері көп жас әншінің талабы таудай деуге болады.

Мәдина Ералиева ән айтуды парыз санайды өзіне

Мәдина Ералиева, жас әнші:

— Әрине, «Өнер жолы — ауыр жол» дегенді білемін. Десе де өзімнің асқақ арманым мен ұшқыр қиялымды жүзеге асырғым келеді. Сол үшін тынымсыз дайындалып, қазақтың халық әндерін нақышына келтіре орындап жүрмін. Бүгінгі ойлайтыным да осы — Мәдина Ералиева апаммен аттас болғандықтан, асыл есімімнің мәртебесін түсірмей, одан әрмен марқайтқым келеді. Бұл есімге лайық болу үшін бар ынта-жігерімді жұмсаудамын. Осы орайда айта өтейін, менің де бір ерекше қасиетім бар. Мәселен, сахнаға шығар алдын кез келген өнерпазда қобалжу немесе қорқу сезімі пайда болады. Ал менде мұндай қасиет болған емес. Әрдайым сахнаға жадырап шығып, бар қорқынышты артта қалдырамын. Әсіресе көпшілікті көргенде шабытым да шалқи түседі. Бұл да болса, Мәдина деген атымның қасиеттілігінде болса керек деп ойлаймын.

Мадина Ералиева ән орындап, есімін жаңғыртуды жоспарлауда

Міне, болашағына бағамдай қарайтын өнерпаздың бүгінгі ойы осындай. Ертеңіне жауапкершілікпен қарайтын ол, өнердің суығына төзіп, ыстығына күйетіні даусыз. Сондықтан да есімі өзіне сай. Мәдина дегенде асыл есімінің абыройын ойлайтын арудың келешегі кемелді болады деп сенеміз. Даусы да ерекше сыңғыр мен кең тынысқа ие Мәдина — бүгінде халық әндерін шарықтата шырқап жүр. Алдағы уақытта да аты  әлемге әйгілі талантты әнші болуына тілектеспіз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*