Жас әнші Біржан Сапарбеков жайында не білеміз?

Біржан Сапарбеков – жас әнші. 1989 жылы дүниеге келген. Көбіне достарымен қыдырғанды ұнатады. Ал бос уақытында ән айтып, шығармашылығын шыңдайды. Жас әнші Біржан Сапарбеков өнер жолын таңдағанына өкінбейді. Бүгінде көптеген байқаулардың жүлделерін (Республикалық «Арай-2011» ән байқауы 1-орын, халықаралық «Шабыт» фестивальінің лауреаты, т.б) қанжығасына байлап үлгерген ол бос уақытын ән жазылым орнында өткізуді әдетке айналдырған.

Біржан Сапарбеков өнер жолын таңдағанына қуанышты

Дәурен Әбиев, «шаншар» театрының әншісі, Біржанның досы: «Біз бір жоғарғы оқу орнын, яғни Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи университетін бітірдік. Жасы менен кіші болғандықтан әрдайым «аға, аға» деп құрмет көрсетеді. Қаншама беделді, республикалық-халықаралық байқауларда бақ сынап, жүлделі орындардан көрініп жүргеніне қарамастан қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ешқашан өзін “жұлдыз” сезініп, бізге оғаш қылық көрсеткен емес. Менің ойымша, Біржанның орнында өзге біреу болғанда өзгеріп шыға келетін еді ғой. Өнеріне нұр жаусын дейміз! Әрдайым ағалық кеңесімді беріп, жолына бағыт беруден жалықпаймын. Қайда жүрсе де Алла жар болсын! Ең бастысы, біз Біржанға сенеміз. Елінің атын шығарып, қазақ эстрадасының дамуына сүбелі үлесін қосады деген үміт те жоқ емес. Ендеше, інім әрі досым болған Біржанға тек сәттілік тілеймін!”

Біржан Сапарбеков қарапайымдылығымен ерекшеленеді дейді достары

“Ақ бантик”. Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың тұщымды әні жас әншіге жеңіс сыйлады. «Менің қазақстаным» облыстық ән байқауының шымылдығын «Ақ бантик» әнімен түрген Біржан бұл кезде бірінші орыннан көрінемін деп ойламаған да еді. «Өнер жолы – ауыр жол». Алайда сыннан сүрінбеуге тырысамын деген Біржан Алшанханұлының шегел айтқан сөздері жас таланттың арманы асқақ екенінің дәлелі болса керек.

Біржан Ш.Қалдаяқовтың «Ақ бантик» әнін шырқауда

Біржан Сапарбеков, жас әнші: “Расында, өнердегі аға-әпкелерім өнер жолының оңай еместігін түсіндірді. Алайда, көксеген мақсатыма жету үшін өнерімді жетілдіремін. Дәл қазіргі уақытта өңіріміздегі Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда жұмыс істеп жүрмін. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Ұлы композитр атындағы мекемеде жүрудің өзі маған үлкен қуаныш сыйлап, арманыма қанат бітіреді. Сондықтан, басқа-басқа Шәмші атындағы байқаудың бірінші орнын жеңіп алу мені арманыма біртабан жақындата түсті. Күні бүгінге дейін көптеген байқаулардың бәйгесін жеңіп алдым. Алайда осы байқауда қатты толқығанымды жасырмаймын. Маңыздысы сол – бұл байқау облыстық ән ддасы болғанмен, жеңген жүлделерімнің ішіндегі ең жаныма жақыны».

Ән әлеміне өзіндік өрнегіен қадам басқан Біржан бүгінде ауқымы кең шараларда өнердегі аға-әпкелерімен ән орындап жүр. Айта өтейік, Қыркүйек айында Республикалы «Менің Қазақстаным» байқауында бақ сынайтын болады.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*