Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық дендеп барады

Қазіргі таңда жасөспірімдер арсындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың кең етек жайуы-жастардың өз болашағына балта шабуы мен қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуі кедергі жасайтын індеттің түрі.

 

қылмыскерді ұстау кезінде
қылмыскерді ұстау кезінде!!!

Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің еркебаласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай,»өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда.

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың ұшығуы замандастарымыздың шетел кинофильмдеріндегі дөрекі, ұрып соғар, басқаны кемітудің арқасында «батыр»болатын кейіпкерлерге елігуі де өз септігін тигізуде.

Қылмыскерді ұстап алу кезі!!!!
Қылмыскерді ұстап алу кезі!!!!

Бұған дәлел 2012 жылы 46, 39, 65 мектеп оқушылары арасындағы төбелестер.

 

Егер статистикалық деректерге жүгінер болсақ қалада 2010 жылы жасөспірімдер арасында 72 қылмыс тіркелсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш кеміп 52 қылмыс болған. «Алайда биылғы жылдың небәрі 6 айында 42 қылмыс жасалған, яғни жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өсу тенденциясы орын алуда»,-дейді Абдіғани  Сейдуалиев Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі

Абдіғани  Сейдуалиев Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары,полиция подполковнигі
Абдіғани Сейдуалиев Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі

Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесінде біреуді өлімге,біреуді мүгедектікке апарса, біреуді өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады.

Суық қару!!!
Суық қару!!!

Сондықтан егер біз құқықты, болашағы еркін де жарқын қоғамда өмір сүргіміз келсе, бесігімізді түзеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне барлығымыз атсалысайық ағайын.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*