Жанкүйер болудың жөні бөлек

Жанкүйер — өз командасы үшін, жанын шүберекке түйетін жан. Жанкүйер болудың да өзіндің қырлары бар екен. Жақында журналистердің спартакиадасы өтті. Команда жинап, біздің де әріптестер бақ сынасты. Қарсыластарын көргенде командаға күш-жігер беру сөзбен айтқанға оңай.

Жаныңды шүберекке түйген былай тұрсын, өзімді қыл үстінде тұрғандай сезіндім. Алғашқы сайыста-ақ қарсыластар мықты дайындықтарын байқатты. Сонда да, командаңа деген сенім басым болады, оларды өзгелерден биік санап, алғашқы орындардан көрінеді деген үміт басым.

Жанкүйер болған журналистердің бір сәті

Төрешінің ащы ысқырығынан соң, сайыс басталып кетті. Жүрегім аузымнан шығып кететіндей күйде болдым. Қатты абыржыдым. Әншейін де көпшіліктің көзінше айқайламақ түгілі, артық сөйлеуге ұялатындардың барлығы «Алға»» деп айғайға басты. Жан-жағыңа бұрылып қарауға шама жоқ. Бастысы, команда мүшелері бірінші болып мәре сызығын бағындыру керектін.

Жанкүйерлердің жайын енді түсіндім. Түйгенім: «Одан да өзім сол жерде, байқауға қатысып, бақ сынағаным артық сияқты». Жанкүйер болып, жанымды күйдіріп, барымды салып айқайлап, күш бердім.

«Жанымды шүберекке түйдім» деген осы екен

Жаныңдағылардың аузын бір сәтке жауып қойса, бір жанкүйердің даусы-ақ спортзалды жарары анық.

Сонымен, бізде нағыз жанкүйерлердің қатары қалың екен. Басшыларға басын бұрып тұратын қызметкерлер жарыста да «бас редактордың» жандауысын естігенде, жанданып, жігерленіп шыға келеді. Арқан тартқан журналистердің жігері тасып, қарсыластарын бірден қамықтырды.

Ғабит: «Жанкүйерлерге қарап, жыным келетін. Енді міне өз басыма түсті.  Сайысқа қатысушылардың басты «зарядкасы» жанкүйер екен гой.»

Айнұр: «Ал маған жанкүйер болу ұнамайды. Сыртынан қарасаң, жын ұрған адамдай. Сондықтан іштен қолдау көрсеткен ұнайды».

Шынар: «Өзім бақ сынасып жатқандай, қатты қорқамын. Жүрегім тарсылдап кетеді.»

«Алға, Алға»

Жанкүйер болудың жағымды жақтары өте көп. Әсіресе, күйзеліске түсіп жүрген жандардың жаның жадыратады. Бар даусыңмен айқайлап, күйзелісіңді сыртқа шығаруға психологтар да кеңес береді. Ендеше, жағымды жанкүйер бол, жас дос!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*