Жанболат пен Жәзира жаңа бейнебаян түсірді

Жәзира мен Жанболат дегенде көпшіліктің ойына сол бір ғашықтар оралады. Иә, олар расында да отбасылық дуэт әншілер. «Біз ғашық жандармыз», «Ана», «Сен маған сүюді үйреттің» сынды еңбектері ел аузында жүр. Тіпті сұрасаңыз, көпшілік бейнеклиптерін де өздерінің түсінігінше тәптіштеп айтып береді. Бұл да болса жұлдызды жұптың танымалдылығы мен өнер жолындағы жетісітігі деп қабылдаған жөн болар. Қазақ сахнасына ең алғаш «Сүйгеніңді бағала» әнімен танылған олар тыңдарманның сұранысындағы тұщымды әндерді орындап келеді. Ал өнер иелері бүгінде «Сен маған сүюді үйреттің» әнінің сәтті шыққанын мойындайды, себебі «қайда барсақ та, көпшілік сол әнімізді орындаумызды өтініп жүр» дейді . Эстрад жұлдыздарының шығармашылығында да жаңалықтар көп.

Жәзира мен Жанболат жаңа әндер жаздырыд
Жәзира мен Жанболат жаңа әндер жаздырыд

Жәзира, әнші: «Шығармашылығымызда жаңалықтар көп. Алматы қаласында бекнеклип түсірмекшіміз. Ол кішкене болса да халыққа естілген ән. Яғни «Армансыз күнім болмайды» деген ән. Бұл клипте менімен бірге кішкентай бүлдіршін қыз ән айтады. Қазірше осы, бірақ жаңа әндер жаздырып жатырмыз сонымен қоса. Мәселен, «Көгершін» деген көңілді орындалатын махаббат әні. Жалпы жаңа әндер жаздыру — бар әншінің халық алдындағы міндеті десем де болады».

Осылайша мәңгілік махаббат тақырыбын әндетіп, өнерсүйерқаумының жүрегін жаулап үлгерген Жанболат пен Жәзира жаңа әндер жаздыруда. Қазақ эстрадасының биіктен көрінуіне де өзіндік үлесі мен себін тигізіп жүрген жұлдызды жұп шығармашылық кешін өткізуді де жоспарлап жүр.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*