Жүктілік кезіндегі тамақтану

Жас келіншектің бақытты да, керемет шағы-жүктілік кезеңі. Ең алғаш бойыңда тіршіліктің бар екенін сезініп, оны көтеріп жүру-ең бақытты сәттердің бірі.

Кейбір жағдайларда, жүкті әйелдердің алғашқы айларында таксикоз басталады. Сондықтан, көп тағамға тәбет тарта бермейді. Бірақ, осы 9 ай бала көтеріп жүрген уақытта дәрумендерге толы пайдалы азық -түлік болашақ ана көптеп тағамында қолданғаны дұрыс.

Осы мақсатта диетолог мамандар рационалды тамақтанудың азық -түлік пирамидасын жасап шығарды.

диетологтардың ұсынған пирамидасы

Диетолог: «Жүктілік кезінде тамақтанудың маңызы зор. Оны приамида күйінде көрсетпек болдық. Біз құрастырған пирамиданың незігі және шыңы бар. Астындағы негізділеріне тамақтануда жиі пайдаланылатын заттар енді. Оған нан, ботқа, бидай және макарон өнімдері».

Көптеген әйелдер әдетте, ұнды, макарон өнімдерінен баста тартып жатады. Бірақ, ол қате ұғым болып шықты.

Диетолог: «Пирамида негізіне орналасқан ұнды тағамдар адамға салмақ қостырмайды және денеге май жинатпайды. В дәруменіне бай олар орталық нерв жүйесіне, ми, ішек жолдарына жақсы әсер етеді».

Пирамиданың келесі сатысында жеміс-жидек, көкөністер орын алады. Дәрумендер мен микроэлементтердің негізгі көзі. Оны жүкті әйелдер міндетті түрде тағамына қосуы қажет. Өйткені, болашақ анаға да, балаға да дәрумен мен микроэлементтер қажет. Ол ішек жолдарының дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі.

Көкөніс пен жемістерді барынша жей беруге болады. Қанша жеймін десең де шектеу жоқ.

Келесі бөлімді ет тағамдары құрайды. Ет-ақуызға толы. Жаңғақта өсімдік ақуызы бар. Баланың дамуы үшін нан жеген де пайлады. Ақуыз жүктілік бойында қажет пайдалы зат. Ол құрсақтағы бала серігіне және баланың миының өсіп жетілуіне қажет. Ақуыздың болашақ балаға әсері жайында арнайы зерттеулер де бар.

Тағы бір айтатыны еттің темір элементіне бай екендігін ұмытпаған жөн.

Диетолог: «Темір жетіспейтін анемия түрінде болашақ аналарға ет жеуді ұсынамыз. Оның құрамында темір бар. Бірақ, етпен бірге шәй, кофе ішуге болмайды. Олардың құрамында темірді шайып кететін танин бар. Сонан соң темір сіңірмейді».

Жүкті әйелдің дәруменге толы азық түлік жеуі қажет

Тамақтануда еттің маңызын ескере отырып, дәрігерлер жүкті әйелдерге вегетериандықтан бас тартуды ұсынады. Қазір балаңызға тек малдың ақуызы қажет.

Келесі топ-сүт өнімдері. Оған сүт, айран, сыр, йогурт жатады. Тағамдар микроэлементтерге толы болуы қажет. Ал кальциге бай дәл осы сүт өнімдері. Жүктіліктің 20 аптасында нәрестенің сүйектері дами бастайды.

Сүт өнімдерін де барынша молырақ пайдаланған жөн. Сізге және сәбиіңізге кальций көп қажет

Пирамиданың ең шыңында май мен тәттілерге орын бөлінген. Олар балалардың дамуында аса қажетті емес.

Диетолог: «Шоколад, тәтті бәлішпен өзіңізді еркелетуге болады. Бірақ, барлығы аз ғана мөлшерде. Өйткені оның пайдасы шамалы».

Тағамдардың дұрыс даярлануы да маңызды. Термиялық өңдеу керек. Ет пен бапықты бұқтыру, қайнату қажет. Ал көкөніс және жеміс жидекті пісірмей шикідей жеген пайдалы. Өйткені, темрмиялық өңдеу барлық микроэлементтер, дәрумендерін жоғалтады.

Пайдасы жоқ тағы бір тағам жайында сөз қозғасақ. Жүктілік кезінде шұжық, тұздалған азыққа тәбетіміз соған тартып тұрғанымызбен, оның құрамында ешбір микроэлементтер, дәрумендер болмайды. Оны қайнатқан немесе буда піскен етпен алмастырғаныңыз жөн.

Осылай фастфуд және жартылай фабриканттар жайында да айтсақ болады. Бұл ана мен баланың денсаулығы үшін пайдасы жоқ тағам. Қышқыл сусындарды да аз пайдаланған жөн.

Диетолог: «Жүкті әйелдер үшін су көп мөлшерде қолданған дұрыс. Аяқ қолыңыз ісіген бе жоқ па Тәулігіне 2 литр су ішңіз. Суды шектеудің қажеті жоқ. Сусындарға ағып тұрған су, кампот, кисель және бірінші тамақ жатады. Тағы қайталап айтамын тәулігіне 2 литрдей су пайдаланыңыз».

Жүктіліктің алғашқы 3 айында лоқсудан аулақ болу үшін, яғни таксикоз болмас үшін аздан жиі жиі тамақтанған жөн. Бұл кеңесіміз жүктіліктің соңғы айында да пайдалы. Іш үлкейген сайын асқазан тарылады. Осыдан қыжыл болады. Сондықтан, 3-4 рет тамақтанып, арасында аздап көкөністі ауызға салуды ұмытпаңыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*