Жүкті әйелдердің стаматологқа көрінуі міндетті

Әр жүктілік бір тістен айырады деген халық арасындағы сөз шындыққа қаншалықты жанасады. Әрине, жүктілік ағза өзгерісіне әкеледі. Дәрумен, микроэлементтер қажеттілігі артып, ауыз қуысына көңіл бөлуді қажет етеді. Стаматологқа жүкті әйелдер екі рет, жүктіліктің алғашқы және соңғы жартысында келеді. Бірақ, 2-3 рет барудың да қажеттілігі туындауы мүмкін. і

Дәрігер: «Жүктілік барысында тіс жегі 91 пайызында кездеседі. Ал парадонт 97 пайызын құрайды. Сондықтан, жүкті кезіңіңізде күтім жақсы болуы керек. Біріншіден, осы уақтта пиаш өзгеріп, сілекей бөліну азаяды. Сәйкесінше эмальға да зиян келеді».

Тісіңізді сақтаймын десеңіз, кальций дәрумені мол тағамдар мен жеміс-жидектер жеңіз

Тіс эмальдарының құртылуына оның қышқыл не сырттан келген әсер етеді. Ол тістің құрттап, кальций жетіпсеушілігіне әкеледі. Жүктілік кезіндегі тамақтану пирамидасының аса маңызды құраушылары – кальций мен фосфор. Кальций – адамның сүйек жүйесінің негізгі элементі. Сонымен қоса фосфор ағзада энергияны сақтаумен айналысады. Ағзаны бір күнге фосформен және кальциймен қамтамасыз ету үшін бір литр сүт немесе одан өндірілетін өнімдер жеткілікті болады.

Сондай-ақ, осы элементтердің жақсы көзі жемістер, көкөністер және ұн өнімдері болып табылады. Жұмыртқа мен балықтың құрамында болатын темір туралы да ұмытпау керек. әрумендер мен минералдар денсаулығы жақсы аналардың дұрыс тамақтануы, ас мәзірінің түрлілігі, дәрумендер мен минералдарға бай ет, сүт, дақыл мен көкөніс түрлерін кеңінен қолдануы жеткілікті саналады. Осының барлығы балаңыздың даму барысына әсер ететіндіктен, дәрумендер қажет мөлшерден аз болмауы керек.

Жүктілік кезінде тіс щеткасын ауыстырмасаңыз да, тіс пастасын ауыстыруыңыз мүмкін

Күнделікті пайдаланып жүрген тіс щеткасын ауыстырудың қажеті жоқ. Жүктілік кезінде диагноз қойғанына байланысты, мәселен егер парадонт десе, арнайы соған лайық тіс пастасын қолданасыз.

Осы уақытта тіс жібін пайдалануды қолға алғаныңыз жөн. Жүктілік кезінде қосымша гигиена сақтайтын әдістерді көбірек қолданғаныңыз абзал. Өйткені тісаралық жегі ешқандай белгі бермей тез жайылуы мүмкін. Парадонт, тісаралық жегіден құтылу үшін стаматологиялық тазалауға барғаныңыз жөн.

Жүктілік кезінде тіс дәрігеріне 2 рет міндетті түрде қаралғаныңыз жөн

Дәрігер: «Ультрадыбыстық зерттеулер, аэрофло әдістерін қолданып жақсылап тісті тазалаймыз. Егер жүктілікке дейін маржан тістеріңзібен мақтана алмаған болсаңыз,  физу қатыру амалын жасаймыз. Яғни, тіс құрттағанның алдын алу үшін фторы мол сұйықтықпен тісті бітейміз. Бұл біразға тіс жегісінің жайылуынан сақтайды».

Көбіміз тіс дәрігерінің алдына барудан сескенеміз. Ал жүкті әйелдің қорқынышы мұндай кезде екі еселенетіні анық. Бірақ қашқақтап, кейінге қалдығаннан жағдайды тек ушықтырып аласыз.

Тісті уақытылы емдеп тұру қажет. Ал тістің түрлі аурулары, әсіресе парадонт жүктілік кезінде өршиді. Тіс емдегелі жатқан әйелдерге 2 жайт болмайды. Бірі бұрынғыдай анестезия орнынан қолданатын наркоз, екіншісі ренген.

One Comment

  1. Куда исчезают комментарии?

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*