Ыстық күннен қалай қорғануға болады

Аптап ыстықта күннен қорғануда дұрыс таңдалынған киімдердің маңыздылығы зор. Күн астына шыққанда сіздің үстіңізде синтетикалық емес, тек табиғи маталардан тігілген киімдер болсын.

Мұндай күндері жібек, щифон, мақта мен лионнан тігілген киімдер таптырмайтын дүние. Өйткені синтетикалык киімдер өте ыстық туғыздырып, адамды жайсыз күйге түсіреді.

Қапырық күннен қорғана біл

Ал денені салқындатудың ең қарапайым әдісі, аяқ киімді шешіп тастап, жасыл желекпен жалаң аяқ жүру. Мұндай жағдайды қан айнылымы жақсарып, ағзаңыз күшейіп, тіпті жүйке жүйелері жандана түседі . Бірақ күн астында, серуендеуден аулақ болыңыз, одан еш пайда жоқ. Мейлінше, көлеңкелі саябақты саялаңыз.

Көлеңкіні қалқала

Күн сәулесі таңғы сағат он бірден бастап кешкі сағат беске дейінгі аралықта өте белсенді болады. Сондықтан күн өтіп кетпесін десеңіз, қоғамдық көліктерде де қатынауды азайтыңыз және көп мөлшерде сусын ішуді ұмытпаңыз. Бірақ тәтті газдалған сусындар мен шәй сіз үшін еш пайдасы жоқ екенін есте ұстаңыз.

Басыңызды күн өтіп кетуден сақтаңыз

Газдалған және түрлі бояулар қосылған сусындар адам ағзасындағы сұйықтықты ұстап тұра алмайды. Адам сусын ішіп, сусындап жатқан секілді, бірақ ол шөліңді қандырмайды.

Шөлдегенде газдалған сусын емес, су ішіңіз

Ал тағамға келер болсақ, жеміс -жидектер мен көкөністерді жеу қажет. Олар ағзадағы сұйықтықты ұстап тұруға ықпал етеді және дене терлегенде жоғалтатын кейбір микроэлементтердің орнын толтырады. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, жақын маңдағы су бұрғағына барып, суға аяғыңызды біраз уақыт бойы салып отырыңыз. Бұл сіздің өзіңізді тәуір сезінуіңізге көмегін тигізеді.

Ыстық күндері су бұрғағына жақын жүріңіз

Адамға күн тигенде адамды жартылай шешіндіріп,  салқын суға малынған дәкені басына қойыңыз. Одан кейін дәрігерді шақырып, олар келгенше көбірек су берген дұрыс.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*