Уақытты тиімді ұйымдастыру орталығына келіңіз

Уақытты біз қалай пайдаланып жүрміз? Сіз бос уақытыңызда не істейсіз? Пайдалы іспен айналысасыз ба, әлде тиімсіз іске құмарсың ба? Ал шымкенттік жас толқын бос уақытын қалай өткізу керектігін біледі. Оған жағдай да жасалды. Жақында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы ашылды.

Мадина мен Дильнара 8-сыныптың оқушылары

Мұнда мектеп оқушылары сабақтан тыс түрлі үйірмелерге қатыса алады. Бос уақытын әркім өз қалауынша өткізеді, ал мына жастар бос уақытты пайдамен өткізу керек деп санайды.

Олардың бірі 42 мектептің оқушы қыздары Мадина мен Дильнара. 8-сынып оқушысы, қос құрбы шаштараз болуды армандайды екен. Міне, енді кәсіби маманның қадағалауымен шебер шаштараз болудың қыр-сырын үйренуде.

Әрине, облыс орталығында жасөспiрiмдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әлеуметтiк жағдайы төмен отбасы балаларының жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегiне, өздерiнiң қабiлеттерiн iске асыруына қажеттi жағдаймен қамтамасыз ету қазiргi таңда өте маңызды.

Қыздарға тігін тігуге барлық жағдай жасалған. Барлығында бір-бір тігін машинасы бар

Осы орайда, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында балалар қызығушылықтары бойынша, ағаш ою, автоәуесқой, өлкетанушы, аспаздық пен бизнес, заңгерлік секілді 25 үйірмеде мамандықты игеріп шығады. Әзірге 3 мыңнан астам оқушы орталықта бос уақытын өткізуге ниет білдіріпті.

Ұйымда балалардың жеке басының дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауына көңіл бөліп қана қоймай денсаулығын нығайтуды да көздейді. Мұнда мектеп жасындағы кез-келген оқушы келе алады.

Оқушылардың уақытын тиімді пайдалану орталығында 25 кәсіпке үйренуге болады

Мектептен тыс мекемеде үйренген жас арнайы сертификатқа да ие болады. Уақытыңызды тиімді ұйымдастырамын десеңіз, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі 17 үйге барыңыз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*