Туалет қағазынан қалыңдық көйлегін тігуге бола ма?

Қалыңдық киімін сатып аларға ақша жетпей қалуы мүмкін, қымбат болуы мүмкін немесе көңіліңнен шықпай қалады. Өзге жолдарын қарастырып көр. Бір қарасаң, оның өзге қалыңдық киімдерінінен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ көйлектер туалет қағазынан жасалған. Бірақ бұл біздің шаһарымызда емес….

Нью Йоркте өткен конкурсқа қатысушылар бұл жолы тағы да арзан дүниеден таң қаларлық дүниені жасап шығаруға болатынын дәлелдеп шықты.

Туалет қағазынан жасалған көйлектерді киген модольерлер

Бұл біз үшін қызық көрінгенімен, Нью Йорктегілер үшін бұл таңсық емес. Туалет қағазынан жасалатын ең әдемі қалыңдық көйлегін тігу конкурсы осымен сегізінші рет өтуде. Қатысуға үміт білдірген шеберлердің саны 700 -ді құрапты. Финалға өткендер  осылайша үйлену той кезінде қаржыны үнемдеудің үлгісін көрсетуде.

Ол үшін желім мен түрлі түсті лента және ине мен жіп, туалат қағазы мен шебер, икемді қолдар мен қиялға берілу керек.

Көздің жауын алған ерекше көйлектер

Декорациясының қымбаттығы өзге киімдерден еш кем түспейді. Өйкені кейбірі асыл тастар мен жауһарлармен әшекейленеді. Оны қалыңдықтың киетін фатасы мен сөмкесі толықтырады. Әрине, туалет қағаздан жасалған. Бір артықшылығы, көйлектің салмағы көп емес.

Ал жеңімпаз модольерлерді онлайн режимде анықтаған. Биыл екінші жыл қатарынан жеңімпаз Мичигандық Сьюзан Бреннэн атаныпты.  2012 доллорға ие болған жүлдегердің туындысы «Ғажайып кекс» деп аталады.

Жүлдеге ие болган ең үздік киім үлгісі

«Богемный кекс» көйлегіне бір апта уақыт пен туалет қағазының он үлкен рулоны жұмсалған.

Ал мұны киген қалыңдық жаңбыр астында қалса, ен болатынын елестету қиын емес. Бұл туралы тіпті ойлаудың өзі артық. Мұндай көйлектер әзірге сатылымға шыққан жоқ, бірақ шығып жатса, батылдық танытып, дәл осындй көйлекті үйлену тойында киетін қалыңдықтың табыла қояры белгісіз.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*