Темір генералға 110 жыл

ОҚМУ-де Орта Азиядан шыққан алғашқы гвардия генералы,Кеңес одағының батыры Сабыр Рахымовтың 110 жылдығына орай «Ерлікке толы ғұмыр» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Конференцияда батырбатырдың тарихы әлі де толық зерттеліп,зерделенбегені айтылдыОсы жерде генералға «Халық қаһарманы» атағын беру үшін ұсыныс жасалды.Генерал Сабыр Рахымов жастайынан Бакудегі әскери мектепті бітіріп,кәсіби командир болды.Өткен ғасырдың 30-жылдарында Орта Азияда басмашылармен күрес кезінде батырлығымен танылды.Алғашқылардың бірі болып «Қызыл ту»орденімен марапатталған.Төрт рет «Қызыл ту»,сосын «Ленин орденімен»марапатталған.Тіпті мақтауға сараң Сталиннің өзі оны Темір генерал деп атаған.

Сабыр Рахымовтың 110 жылдығына арналған конференция

Генерал Рақымовтың тағдыры әрқилы.Ташкентте өскен соң оның ұлты өзбек деп саналып келеді.Десе де,батыр Рақымов бүгінгі Қызығұрт ауданы,Көкібел ауылының тумасы екені кеш те болса өмір дерегіне жазылды.Оның атында әскери мектеп-интернат бар.

Қала әкімі гүл шоғын қою кезі

Туған өлкесінде, батырға қаламыздың «Жеңіс» саябағының кіре берісінде еңселі ескерткіш қойылды.Даңқты генералған арналған ескерткіштің биіктігі 4 метр 20 сантимерт,ал тұғырымен қосқанда 7 метрден асады.Бұл ескерткіш Сабыр Рахымовқа Қазақстанда қойылған тұңғыш ескеткіш.

Сабыр Рахымов ескеркіші

Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымовты еліміз әлі толық таныған жоқ.Тіпті,бұл бағыттағы алғашқы қадамдар енді жасалып жатыр.