© 2014 Әйгерім Бегімбет. All rights reserved.

Тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын саябақ

1

Сәлем, достар! Менің есімім — Гүлмарал. Тәуелсіздікпен түйдей құрдаспын. Бүгін біз қаламыздағы аз ғана уақытта көрікті демалыс орнына айналған «Тәуелсіздік» саябағына саяхат әрі шолу жасаймыз. Кеттік!

2

«Тәуелсіздік» саябағы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ашылған.

3

“Алтын көпір” арқылы Қа­зақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алаңына көтеріліп барамыз.

4

Рәміздер алаңы 2009 жылы салынды. Тудың көлемі — 8 х 16м. 50 м биіктікте желбіреп тұр. Ал найзалардың биіктігі — 25 м.

5

Тап осы тұстан Шымкент алақандағыдай болмаса да, қаланың біраз бөлігі көрінеді. Төле, Қазыбек және Әйтеке би көшелері тоғысқан орталықта Тәу­ел­сіздік монументі бой көтерген. Биіктігі 34 метрді құрайды.

6

«Рәміздер алаңында» еліміздің картасы бейнеленген. Сондай-ақ Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан үзінді жазылған.

7

Бұл «Ел бірлігі» монументі. Елімізде мекендеген барлық ұлт өкілдерінің барельефі бейнеленген алып гранит тұғырдан 137 тік тіреуден тұратын композиция көтеріліп, Шаңырақты ұстап тұр. Бұл — 137 тіреу Қазақстанды мекен еткен барлық ұлт өкілдерінің татулығын, ынтымағын бейнелейді.

8

Саябақтың қазіргі орны қаламыздың тарихы басталған жер. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, ескі Шымкент қаласы Ұлы Жібек жолының бойында, яғни тоғыз жолдың торабында орналасқан.

9

Саябақта велосипедті жалға алып, тебуге болады. Сағатына — 500 теңге.

10

Тәтті балмұздақ 50-150 теңге.

_MG_1914

Шығармашылыққа жаны жақын адамдар үшін жұмыстан кейін келіп, кітап оқитын тамаша жер.

11

Саябақ құрылысына жалпы құны – 680 миллион теңге жұмсалған. Оның 373,5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қаралса, қалған қаржы кәсіпкерлердің қалтасынан шыққан.

12

Саябақтың орталық ал­леясын бойлай граниттен жасалған 21 тақ­тайша орналасқан. Бұл тақтайшаларда еліміздің тәуелсіздік жылдарында болған ең елеулі оқиғалар жазылған.

13

Әуенді субұрқақ Шымкентте те бар. Классикалық және заманауи әндермен әуелейді. Жылдағыдай мамыр айында іске қосылады.

_MG_1938

Бүгінгі саяхатымыз осымен тәмам. Тәуелсіздігіміз бен ұлт­тық құндылық­тары­мыз­дың қадір-қасиетін танытатын саябаққа сіз де келіңіз!

One Comment

  1. Аяулым

    Сәтті шығыпты. Әдемі!!!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*