Студенттерге пәтер жалдап тұру оңайға соқпайды

Студент қыздар пәтер іздеп жүр

Оқуға шақыру маусымында әрбір жоғары оқу орны, жатақханасының барын айтып жарияға жар салады. Студенттерін жинап алған соң, жарнама-жарнама күйінде қалып, студенттер жайсыз қалып қояды. Туысы барлар солардың қас-қабағын бағып, бауырларын паналайды. Ал ешкімі жоқтар бір-бірімен бірігіп, жалға пәтер жалдайды.

Қалай дейсіз бе? Міне, былай. Аялдамадағы «Квартираға қыз аламыз» хабарландыру бойынша бейтаныс біреулердің бір бөлмесіне, үш-

Әр аялдамада осындай жарнамалардың қатары көбейген

төрт қыз болып тұруға бел буады. Журналистік зерттеу жүргізіп, аялдамадағы хабарландыруға бізде хабарластық. Тұтқаны алған егде жастағы ер кісі, қаламыздағы іргелі дүкеннің алдына кездесуге бел буды. Бардық, екі қызбыз, қаншадан, қалай тұрамыз деп сұрадық.

Пәтер иесі: «Квартирам Востокта, үшінші қабат. Үш бөлмелі. Бір бөлмесінде төрт бала тұрады. Екінші бөлмесінде құдаша қыздар, олар-бесеу. Үшінші бөлме бос. Тұрам десендер тағы да екі қыз тауып, сол бөлмеде 7 мыңнан тұрыңдар».

Журналистер:(пәтер жалдаушы студент қыздардың рөлінде): «Қымбат қой, оның үстіне адам саны да көп екен. Сонда барлығы солай жеті мыңнан тқлеп тұра ма?»

Пәтер иесі: «Ия, коммуналдық қызметі ішінде. Біз айына бір рет келіп, ақшаларынды жинап аламыз, Басқа мазаламаймыз».

Осындай диалогтан кейін ойымыз жан-жаққа шашырап, студенттердің жайын түсіндік. Пәтер іздеп сабылып жүргендер қаншама. Жататын жерім болса болғаны деп, мұндай қызметке көнетіндер де бар. Оған қоса, танымайтын жалғызбасты аналар да қастарына екі,үш қыз алады екен. Мейлі, сол әйелдің жолы түзу болса болғаны, ал жаман пиғылды болса ше, оқуға келген ару жолтан таяма?

Студентінің барына қанағат тұтатын ЖОО мен колледждер солардың жататын орындарымен бас ауырпасы анық.

Енді шығынына келсек, бір бөлмеде пәтерде алты қыз тұрады. Оның әрқайсысы орта есеппен 6 мыңнан төлеп тұрса, 36 мың теңге пәтер иесінің қалтасына ай сайын түседі. Оған коммуналдық қызметі үшін жиналатын 1000 теңгені тағы қосыңыз. Сонда студент бір айда пәтер үшін 7 мың, жолақысы үшін, тек университетке барып келу ақысын есептегенде күніне 100 теңге, бір айға 2 600 теңге, оған ішіп жейтіні мен киетін киімін қосыңыз.

Түйгеніміз, студенттерге пәтер жалдап тұру тиімсіз. Ең бірінші тәртібін бұзса, екінші қалтасына ауыр тиеді. Не де болса, оңтүстіктің жоғары оқу орындары жатақхана мәселесін тездетіп шешуі керек.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*