Спорттағы үздіктер анықталды

Сұхбат алу сәті
Сұхбат алу сәті

Өткен жылда жеткен жетістігіміз пен жіберген кемшіліктерді саралаған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы атқарған жұмыстарының жылдық қорытындысын шығарды. Басқарма басшылығы мен облыс әкімдігінің ұжымы спорт саласында еңбек атқарған азаматтар мен спортшыларды марапаттап, олардың елеулі еңбегін бағалады.

Спортшымен бірге
Спортшымен бірге

Қорытындылау кеші біздің арнаның журналистері үшін де қуанышты болды. 2004 жылдан бері «Отырар» телеарнасында қызмет атқарып келе жатқан журналист Сарбиназ Алдабергенова өңіріміздегі спорт мәселесін көтеріп, олардың жұмысын бұқаралық ақпарат құралында кеңінен насихаттап жүргені үшін марапатталды.

Футбол ойыншыларының жанкүйері
Футбол ойыншыларының жанкүйері

Cарбиназдың бұл алашқы жеңісі емес. Ол соңғы үш жылда жылдың үздік спорт тілшісі, Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші орын иегері, «Жастар айдары» номинациясының иесі, үш жыл қатарынан «Үздік жас журналист» номинациясының иегері, «Топжарған» журналы бойынша үздік спорт тілшісі атанған. Оған қоса Азия ойындарының өтуіне қосқан үлесі үшін арнайы марапатталған.

Марапаттау сәтінен соң
Марапаттау сәтінен соң

Үлкен теннис пен футболды жаны сүйетін тілші бос уақытында спортпен айналысқанды дұрыс көреді. Сонымен қатар футбол ойынын жібермей қарап, аяқдопшыларға жанкүйерлік жасауды да ұмытпайды. Бүгінде ол «Топжарған» спорттық бағдарламаның редакторы әрі жүргізушісі.

Біз әріптесімізге жеңісің көп болып, биік шыңдардан көрін деген тілек білдіреміз!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*