Шымкетте қалалық өнер фестивалі өтуде

Ұлттық өрнекпен өрнектелген киім үлгілері
Ұлттық өрнекпен өрнектелген киім үлгілері

Бұл қала мектептерінің арасында өтіп жатқан өнер фестивалінің көрінісі. Мәселен, №41  Макаренко атындағы мектепке кіре қалсаңыз, құдды бір шеберлердің ортасына түскендей боласың. Өйткені ұзыннан ұзын созылған көрмелік бұйымдардан көз сүрінеді. Мұндағы әрбір қолөнер бұйымдары, қыш ыдыстар мен матадан тігілген түрлі ұлттық заттар, киіз үй жабдықтары мен суреттердің барлығы оқушылардың қолдарынан шыққан.

Жыл сайын мектеп оқушыларының өнерін саралайтын фестиваль дәстүрлі түрде өткізіледі. Онда қатысушылар ән, би, драма, мәнерлеп оқу, монолог оқу сында  барлық жанр бойынша бақ сынасады.

№41  білім ошағы да аталған сайысқа ерекше дайындалыпты. Әсіресе ұлттық дүниелерді насихаттауға кіріскен ұжым түрлі ұлттық музыкалық аспаптардан құралған ансамбльде өнер көрсетумен қатар, драмаға да ерекше ден қойыпты. Басты назар «Отырардың күйреуі» атты драмлық қойылымда. Сонымен қатар, бейбітшілік пен бірлікті, тыныштықты айшықтайтын әсем әуен де шырқалды бұл кеште.

Айта өтейік, мектеп оқушыларының өнерін қалалық білім бөлімімен келген арнайы қазылар алқасы бағалап, үздіктерді анықтайтын болады. Яғни өзгелерден оқ бойы озық шыққандар облыстық өнер фестивалінде бақ сынап, жүлделі орындардың жеңімпазы бола алады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*