Шымкенттік жастар мерекелік шеруге шықты

4-маусым – рәміздер күні! Сондықтан шымкенттік жастар меркелік шеруге шықты. Мұндағы көксегені – патриоттық рухты көтеру, ел арасында мемлекеттік нышандардың рөлін көтеру. Оларға құрмет көрсету. Мәселен «Шымкентжастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жастары мен жоғарғы оқу орындарынан құралған топ Тәуелсіздік саябағындағы Мемлекеттік Рәміздер алаңына жиналды. Барлығы да ұрандап әнұранды шарықтаташырқады. Сондай-ақ биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне -20 жыл. Меркелік шеруді дәл осы рәміздер алаңынан бастағанды жөн көрген жастар, атаулы датаны тойлауды әдетке айналдырған.

Шымкенттік жастар мерекелік шеруге шықты

Заңғар Үсіпахметов, «Шымкентжастары» мемлекеттік комуналдық мекемесінің директоры қызметін атқарушы: «Біздің мұнда жиналып отырғанымыз орынды әрі маңызды. Барша жастың басын қосатын шеруге әсіресе шымкенттің жастары белсенділік танытты. Бұл дегеніңіз – ел ертеңі – жастардың патриоттық тәрбиеге бет алуы. Сонымен қоса, барлығымыз әнұранды шырқап, насихат парақшаларын тараттық. Бұл парақшаларды негізі рәміздер туралы кеңінен мәлімет берілген. Бұл біздің алғашқы да , соңғы да шарамыз емес. Жастарды патриоттыққа тәрбилеу үшін, замандастарымыздың ел ертеңіне жауапкершілікпен қарауы үшін барлық шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Бұл үшін жастар жұмыла жұмыс атқару маңызды».

  • Шымкенттік жастар мерекелік шеруге шықты
  • Мемлекеттік рәміздерді насихаттауды көздеген топ бұл күні рәміздер турасында кеңінен мәлімет беретін үгіт-насихат парақшаларын да таратты. Тәуелсіздік саябағынан бастау алған шара Орталық саябақтағы шерумен жалғасты. Жол бойы насихат жүргізген жастарды көрген көпшілік меркелік күннің маңызын ұққандай болды. Бүгін еліміздің көк байрағы ұлықтап, әнұраны шарықтайтын күн! Мемлекетіміздің нышаны болған рәміздіермізді құремметеуге, сүйіп өсуге әрбір жас міндетті».
  • Ерлан Ермаханбетов, ХҚТУ-нің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы: «Әрине, жұртшылыққа бұл атаулы да ардақты мерекенің мәнісін ұқтырғымыз келді. Менің ойымша, біз ойдағыны жүзеге екі есеге асырдық. Бастысы, жастар – қоғамның қозғаушы күші екенін дәлелдей түстік деп ойламын. Елдің болашағына бей-жай қарауға болмайтынын тағы дай замандастарыма ескерткім келеді. Бұл бізге артылған жауапты жүк, жастолқын! Елдің мемлекеттік нышандарын қастерлеп, аялау – баршамыздың парызымыз деп білемін».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*