Шымкенттің аязында Айқын ән салды

Айқын Төлепберген
Айқын Төлепберген

«Әр атқан таңым» әнімен Шымкенттіктерге шырқаған жас әнші Айқын, әл-Фараби алаңына жиналған көпшілікті танымал әндерімен жылытты. Шым қаланың сықырлаған аязын алғаш көргенін де жасырмады.

Тәуелсіздік мерекесін оңтүстікқазақстандықтармен бірге тойлаған эстрада жұлдызы, бұл өңірдің тәлім-тәрбиесіне, қыздарының инабаттылығына дән риза екенін жасырмады.Журналистерге берген сұқбатында, біз бақытты ұрпақпыз деп көзіне жас та алды.

Айқын Төлепберген: «Ата-бабамыз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке жетіп отырмыз. Енді соны жоғалтып алмайық. Тәуелсіздік ұғымы жүрегімізде, басымызда болса, ешқашан ешкімге тәуелді болмаймыз».

Айқынның әндерімен сусындаған шымкенттік жастар әншімен бірге, ән айтып, би биледі. Осындай көңілді кеш сыйлаған қала басшысына да алғыстарын білдіріп, желтоқсанның аязына дес бермей көңіл-күйлерін көтерді.

Әсел Нұрмахан: «Айқын келеді деген соң, арнайы келдім.

Шымкенттік жастардың қуанышында шек жоқ
Шымкенттік жастардың қуанышында шек жоқ

Жаурап қаламын деп қорықтым, алайда керемет концертті көріп, аязды да ұмытып кеттім. Рахмет.»

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*