Шымкентте Республикалық ақындар айтысы өтті

Қаламызда ақындар айтысы өтті! Бірақ бұл айтыстың жөні бөлек! Бұлай деуімізге де үлкен негіз бар! Себебі, еліміздің ең таңдаулы жас ақындары мен бас ақындары арасында өрбіді жыр бәсекесі. Айта өтетін жәйт бұл айтулы жыр додасына жерлес ақындарымыз да білек сыбана қатысты. Мәселен, Кәрима Оралова, Бекарыс Шойбеков, Ақмарал Леубаева, Нұрлан Есенқұлов, тағысын тағылар.  Ең алғаш болып сахна төріне жерлесіміз Кәрима Оралова мен павлодарлық жас ақын Рауан Хайдаров көтерілді. Сөз асылын саптауда Рауан Хайдаров шеберлік танытты дейді айтыссүйерқауым.  Ал ең қызық айтыс Оңтүстіктің ақыны Ақмарал Леубаева мен павлодарлық Қанат Мырзахановтың кездесуінде болды.

Қанат Мырзаханов сөз асылын саптауда шеберлік танытты
Қанат Мырзаханов сөз асылын саптауда шеберлік танытты

Қанат Мырзаханов, павлодарлық ақын: «Ия, көңілімнен шықты. Халық жақсы жиналған екен, шапалағы шабытты шақырды. Сондықтан жақсы айтыс жасауға тырыстық. Жалпы адамның емес, Алланың дегені болады. Ал байқағаным көрермендер залында жастарға қарағанда, аға буын басым. Көбіне жастар көп келетін еді Оңтүстікте. Ал Ақмарал Леубаеваға келетін болсам, айтыстың аламанында талай ысылған, азулы ақын. Жалпы бұл әпкемнің айтысын жастайынан тыңдап өстім. Маған ол кісінің айтыстағы ерекшелігі, інім деп сыйлап отыратын мейіріміне разымын. Сол себепті де мен Ақмарал әпкемді жоғары бағалаймын. Ал жүлдеге тоқталар болсам, жүлде жастардан гөрі аға буын ақындарға бұйырғанын қалаймын. Себебі, кейін біз сол ақындар жасына жеткенде кейінгі толқынның бізге жол бергені біздің ата жолымызға сәйкес келеді».

Қанат Мырзаханов пен Ақмарал Леубаева жырларына қоғамдағы ащы шындықтарды арқау етті
Қанат Мырзаханов пен Ақмарал Леубаева жырларына қоғамдағы ащы шындықтарды арқау етті

Жасыратыны жоқ, бұл күні жас ақындар жасындай жырларымен жарқырап, жалынын көрсете алды. От ауызды, орақ тілді аға буын ақындардың алдында аспай-саспай, шімірікпей өздерінің де осал еместігін аңғартты.

Ал айтысқа келген көпшіліктің қарасы қалың болды
Ал айтысқа келген көпшіліктің қарасы қалың болды

Маржан Бексұлтанова, көрермен: «Бұл айтыста негізі мен ғана емес, барша жиналған қауым куә ғой жастар мықтылық танытты. Жаңа ғана Қанат пен Ақмарал Леубаеваның айтысында да , Ақмарал сөз таппай қалды ғой. Осыған қарап-ақ Қанаттың ойының ұшқыр екенін аңғаруға болады. Сөз ұғатын халықпыз ғой, сондықтан менің ойымша жүлдені жастарға берген жөн. Қанатын енді ғана қатаайтып келе жатқан жастарға жол бермесек, онда айтыстың несі айтыс?!»

Оңтүстікте «Жәдігер» жобасының қолға алумен өткен республикалық ақындар айтысы тартысты өткенін жасырмаймыз, әрине. Алайда айтыссүйерқауымның шешімімен екі тарап — жас ақындар мен бас ақындар тең түсті деп.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*