Шымкентте «Фото кептіру» өтті

Жас таланттар сурет-көрмесін ұсынды

«Фото кептіру». Осылай аталған сурет көрме өтті қаламызда. Шымкенттің жалындаған жастары бас қосып, көпшілік алдында тың таланттарын паш етті. Табиғатты, сезім мен махаббаттан сыр шертетін суреттер арасында байқаулардың бәйгесін қанжығасына байлаған туындылар да кездеседі.

Жастардың 300-ге тарта Шымкенттік талантты жастар бас  қосып, араларындағы суретке түсіргенді жаны қалайтын жандардың фото көрмесін ұйымдастырды. Жалпы саны 10 жас фотогрофтың 300-ге тарта  тырнақалды еңбектері ұсынылды. Көптен бері жоспарлап жүрген жастар бұл атаулы күнді асыға күтіпті. Сондықтан болар, жиналғандардың санында есеп болмады. Жылдар бойы жинаған тәжірибелерімен бөлісуде  белсенділік танытып, көпшілік қауымды қуана қарсы алды өнер иелері.

Табиғаттың тылсым сырларын түсіріп, олардың тың бейнелеріне тіл бітірген өнерпаздар өнеріне жиналған көпшілік тәнті болды. Өз кезегінде шығармашылық табыс тілеуді де ұмытпады жиналған өнерсүйер қауым. Михаил Клещев суретке түсіруге кішкентай кезінен әуестеніпті.

Талантты жастар сурет көрмелерін ұсынды

Бүгінде көптеген тың туындылардың авторы болып үлгерген ол, көбіне сулу әйелін түсіргенді қалайды. Оның себебі де белгілі. Махаббат пен табиғатты ұштастырып түсірген еңбектері республикалық байқауларда да жүлделерді иемденіпті. Ал қырдағы қызғалдақты соншалықты шынайы да шебер түсірген Михаилдың мұндағы көрмесіне де көпшілік үйір болып, тамашалаудан жалыққан жоқ.

Қызығушылықтары ауғаны соншалық, Михаилдың жанына барып, бүге-шігесіне дейін сұрап жатты. Бұл аз десеңіз, ол суретті салу барысындағы әсерлерін де білгісі келіп, қызығушылық танытты. Ал бұл атаулы да ерекше, көңілді фотокөрмені Гүлшат Мухитдинова ұйымдастырды. Айта өтейік, шара барысында Лира Чжен мен Михаил Клешевтың фотокөрмесін көпшілік жоғары бағалады. Шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілеп тарқасты қала тұрғындары.

Михаил Клешев суреттерімен мақтанады

Михаил Клешев: «Қазіргі қоғамда  сурет өнерін меңгеруді  оңай кәсіп деп түсінетіндер жетерлік. Десе де бұл мамандықтың да қиындығы мен қызығы бар екенін айтқым келеді. Мәселен, алғашқы қыстан кейінгі  бәйшешекті түсірген туындымды көріп, қызыққандар көп болды. Сөйтті де олар да түсіруге кірісті. Дегенмен, олардың суреті сапасыз әрі қиялы кемшін түсті деп бағалады достары. Сондықтан, кәсіби тұрғыда түсірілген сурет пен әуесқой түсірілімді салыстыруға болмайтынын шегелеп айтқым келіп отыр.  Суретке түсіруге қызығушылық танытқандарға айтарым, ешқашанда ерінбей, тың тақырыптар аясында, сулулықпен үндескен әрі қиыншылықпен тоғысқан, қызық және таңқаларлық дүниелерді түсіру маңызды екенін айтқым келеді. Сонда ғана шынайы, кәсіби түсірілген туынды пайда болады. Ең бастысы, еңбекқорлық екенін ұмытпаңыздар, достар! Сондай-ақ, алдағы уақытта әлемдік байқаулара бақ сынап көргім келеді».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*