Шымкентте ерекше шоу концерт өтпек

Алтынай мен Айгүл
Алтынай мен Айгүл

Қаламыздағы Оңтүстік цирк ғимаратында белгілі әншілер Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның бірлескен концерті өтеді. Ол кешті сатираның сабазы Сәбит Абдіхалықов жүргізеді деп жоспарлануда. Әзірге кештің қай күні өтетіні белгісіз.
Алтынай Жорабаева әнші: Біршама уақыт үзілістен кейін, шығармашылығыма ден қойып жатырмын. Жаңалықтар дүмпуі енді болады деседе болады. Ең алдымен жеке шығармашылық концертімді беру басты жоспарымда тұр. Одай кейін Айгүл Иманбаева екеуіміз елімізді таңқалдырарлықтай жеке концертімізді ұсынбақпыз.
Ел ішінде өнер адамдары туралы қауесет көп айтылады ғой. Одан бізде «сау емеспіз. Біз туралы расы бар,өтірігі де аралас неше түрлі әңгімелерді естіп жатамыз. Кейде тіпті осының бәрін қайдан тауып алады екен?» деп таңқалатын кездеріміз де бар. Өсек қауесеттен аулақ болу мақсатында ән кешімізді бірігіп бермекпіз. Өнер мен жеке өмірді араластыруға болмайды. Екеуінің бір-біріне зияны тимеуі керек. Біз дос екенімізді, бір-бірімізге қолдау көрсететінімізді, өткен өмірдің біздің достығымызға сызат түсірмегендігін дәлелдеу мақсатында осындай шешімге келдік. Өсектен, жаладан шаршаған соң екеуіміз келісіп, концертімізді халыққа ұсынуды жөн санадық.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*