Шымкентте Алтынай мен Айгүл ән салды

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші өнерсүйерқауымның асыға күткен концерті өтті. Анығырақ айтсақ, продюсер Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы және қазіргі әйелдері қосылып шығармашылық кешін өткізді. Байқағанымыз продюсер әншілердің бұл қадамына ешқандай қарсылық танытпаған, керісінше қолдау көрсеттім дейді ол. Сонымен қоса бұл жағдай бұрын соңды болмағанын айтқан Сәбит мырза Шымкентте дүркіреп өткен кешті тарихи оқиғаға балап отыр.

Сәбит Әбдіхалықов әншілердің бұл бастамасын қолдағанын айтады
Сәбит Әбдіхалықов әншілердің бұл бастамасын қолдағанын айтады

Сәбит Әбдіхалықов, продюсер: «Ал бұл тарихта болмаған ғой. Тарихты жасайтын біз болғандықтан, бұл біздің міндет деп білемін бір жағы. Ал бұған ұлым ешқандай қарсылық білдірмеді, қайта қуанып жүр. Бұл «концерттік жоба» бірінші менің ойыма келген еді. Қалай болғанда да халыққа қызық керек қой. Мәселен, Алтынай Жорабаева мен Мәдина Сәдуақасова екеуі концерт берейін деп жатыр десе, ешкім келмейді. Өйткені екеуін ештеңе байланыстырып тұрған жоқ қой. Қарақат пен Алтынай концерт қойса да мұндай қызық болмайды. Ал Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның кеші десе бәрі жапатармағай жиналады. Неге дейсіз ғой?! Екеуін байланыстырып тұрған нәрсе бар! Баршаға қызық , жаңалық бұл. Сондықтан халық жаппай жиналады концерке. Өздеріңізде куә болып отырсыздар бір ғана ауысыммен өтеді деген концертімізді халықтың сұранысымен екінші ауысымды өткізіп жатырмыз. Тағы да сұраныстар түсіп жатыр, сондықтан жақын күндері -осы айдың соңына қарай Шымкентке тағы да кеш өткіземіз-ау осы».

Ал эстрада жұлдыздары Алтынай Жорабаева мен Айгүл Имаyбаева «бұл концерт арқылы татулығымызды көрсеткіміз келеді, біздің бөлісе алмай жүргеніміз жоқ» деп түсіндірді бұл қадамын.

Алтынай Жорабаева Айгүлді өнердегі досы деп санаймын дейді
Алтынай Жорабаева Айгүлді өнердегі әріптесім ғана деп санаймын дейді

Алтынай Жорабаева, әнші: «Менің ойымша концертке халық ән тыңдау үшін емес, біздің Айгүл екеуміздің қарым-қатынасымызды білу үшін келген сияқты. Өнерімізді тамашалауы – екінші орында. Сондықтан бүгінгі кеш арқылы біз туралы біраз мағлұматтарды алып кетті деп ойлаймын. Біз жайында адамның ойына кіріп шықпайтын қауесеттер болды ғой. Тіптен жұрттың айтқанына еріп, «Сен былай депсің Айгүл… Жо-жоқ Алтынай сен неге бұлай дейсің» деп сыртымыздан ренжіп жүрген кездеріміз аз болған жоқ әрине. Алғашында “шок” алатынбыз, кейінірек назар аудармайтын болдық. Ең бастысы біз Сәбит екеуміздің шаңырақ көтергенімізге 11 жылдан асса, соның 6-жылында біз Айгүлмен тек өнердегі достар ғанамыз. Сондықтан жұртшылық айтатындай бір-бірімізге деген өшпенділік сезімдері болған емес».

Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаева екеуміздің тату екенімізді көрсеткіміз келді дейді
Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаева екеуміздің тату екенімізді көрсеткіміз келді дейді

Айгүл Иманбаева, әнші: «Мен Алтынай мен Сәбитті құрметтеймін, өнердегі достармыз — тек сол ғана. Біз шаш жұлысып жүретіндей жағдайда да емеспіз, қараңғы жерден емеспіз, екеуміз де текті жерден шыққанбыз. Сондықтан сыйластығымыз өз алдына. Менің Сәбитке деген алғысым шексіз, Сәбит болмағанда мен алтындай ұлымды дүниеге әкеле алмас та едім ғой. Ал менің өмірімнің өз қызығы мен шыжығы бар. Жеке өмірімде Алтынай мен Сәбиттің еш қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Сол үшін де біз ел алдына осылай концерттік шарамен шығып отырмыз».

Ал Сәбит Әбдіхалықов концерке келетіндердің санын бұлай елестетпесе керек. Бір ғана аусыммен өтіледі деген кеш екінші ауысымға жалғасты. Продюсер нәтижені көріп, өнерсүйерқауымға Шымкентке ақпан айының соңында тағы бір рет концерт қоямыз деп уәде берді.

One Comment

  1. Оте ризамын ! Айгуль мен Алтынай апаларымызга екеуи де акылды жандар екен екуи косылып Сабиттун абыройын аскактаткан казактын мыкты келундеру десек артык емес шыгар. Алла Тагала еку ананын омурлерун манду де санду гумыр кешуды насуп етсун деп тулеймун!!!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*