Шымкентте Абай Құнанбаевтың 167 жылдығы тойланды

Шарада Абай Құнанбаевтың шығармаларынан тұратын көрме ұйымдастырды

Бүгін 10 тамыз  Ұлы Абай Құнанбаевтың туған күні! Қаншама ғасырлық мұра қалдырып, ізгілік пен данышпандықтың үлгісін көрсетіп кеткен ақынның биыл 167 жылдығы. Үлгі мен өнегеге толы ғұмырын тек ақындыққа, шығармашылыққа арнаған мерейтой иесінің бізге том том шығармалары мен қара сөздер және өлең жинақтары жеткен.

Шымкенттік жастар да даталы күнді атап өтуде шет қалмай, белсене кірісіпті. Қаламыздағы Абай ескерткіші орналасқан Абай атындағы саябақта,  М.ӘУезов атындағы Мемлекеттік университеттің студенттерінен құралған ансамбль мүшелері сәні мен салтанаты жарасып, күмбірлете күй шертіп, ақынның қара сөздерін жатқа оқыды.

Абай саябағында мерейтой кезінде ансамбль мүшелері күмбірлетіп күй шертті

Бүкіл өмірін білім мен ілімге, жастарды оқуға шақырған Абай Құнанбаевтың жарық көрген туындылары мен шығармаларынан тұратын көрме ұйымдастырылып, жас ұрпаққа азық болар дүниелер ұсынылды. Тіпті өзге ұлт өкілдері ұлт жанашырының өлеңдерін жатқа айтып берді.

Қаламыздағы ақынның есімі берілген саябақтағы Абай ескерткіші

Қызықты сәттер алда еді. Қала тұрғындары арасында жазушының өміріне қатысты викториналық сұрақтар қойылып, сыйлыққа кітаптар берілді. Мұндай шараға қалалықтар да дән риза. Ұлы тұлғаларды танып білуде, оларды ұлықтауда ашық алаңқайда, халық көп шоғырланған жерлерде атап өтудің маңызы зор деп біледі олар.

Кеш соңында арда азаматтар мен замандастарымыз ақын рухына рағзым етіп, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*