Шымкент балет мектебінің түлегі жеңіспен оралды

Балет — сөзсіз, тек артистің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімеленетін би өнері. Осындай өнерді бойына сіңіріп, жастайынан би өнерін сүйіп өскен Сымбат- ҚР -ның мәдениет қайраткері, Шымкенттегі балет мектебінің негізін қалаушы Болат Атаханұлының  шәкірті.

4 жасында анасы жетектеп балет мектебіне әкелгенде-ақ, ұстазы кішкентай қара қыздан танымал биші шығарамын деген екен.

Оразкүл, Сымбаттың анасы: «Шымкенттен балет мектебі ашылды дегенді естігенен кейін, осында әкелдім. Алғашында күмәнмен қарайтынмын. Балет туралы көп іздендім, көп оқыдым. Қызым сенімімді ақтап, жетістіктерге жетіп жатыр. Алғашқы ұстазы Болат Атаханұлының ықпалы көп болды. «

Сегіз жыл бойы Шымкенттегі балет мектебінен дәріс алған Сымбат, Ұстазының жетектеуімен Алматыдағы училищеге түсіп, биыл тәмамдап шыққан. Балет өнерінің негізі нық қаланған қара қыз содан бері талай белестерді бағындырып, елдің атын әлемдік додалар да шарықтатқан.

Бүгінде Мәскеу мемлекеттік театр және сатира институтының табалдырығын аттаған биші қыз, қуанышын өскен ордасы-балет мектебімен бөлісуге арнайы келіпті.

Ләмиля Шайкенқызы, балет мектебінің директоры: «Кішкентай қыз талантты еді. Сымбат пен Болаттың арасында ұстаз бен шәкіртке деген ыстық махаббат, жіпсіз байланыс болды. Сымбаттың бойында туа біткен талант, жігер бар. Ұстазы үйретті, бала бойына сіңірді. Еңбек сүйгіштігінің арқасында ізденді, балеттің байыпты жолына түсті. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, биікке шығып барады. Арманына жетіп, ұстазының шырағын сөндірмесін деп тілеймін.»

Ұстазы артқан аманатты ақтаған арудың ендігі арманы балет өнерін одан әрі дамыту қазақ елінде.
Сымбат, жас талант иесі: «Түсіне білгенге балеттен асқан сұлулық жоқ. Суретші қыл қаламмен сүйіспеншілігін жеткізсе, біздер бимен, іс қимылмен жеткіземіз сол сұлулықты. Балетті өзімнен кейінгі толқынның бойына сіңіргім келеді. Алдыма қойған мақсатымда сол. Ия, рас, балет өте ауыр да қиын да би түрі. Ең бастысы ерінбеу керек. Сонда ғана, межелеген биігіңе жетесін. »

Би өнерімен өрнек құрып, өмірін ұштастырған Сымбатқа бізде ақ жол тілейміз.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*