С.Рахымов атындағы мектеп интернатында ант беру рәсімі өтті

Еліміздің қаһарманы Сабыр Рахымов атындағы Республикалық әскери мектебінде жылда өткізілетін дәстүрлі ант беру рәсімі өтті. Антты әскери мектепке енді қабылданған, яғни екі айлық сынақтан сүрінбей өткен 206 талапкер қабылдады.

206 талапкер өздерінің болашағын әскерге тапсыруға дайын
206 талапкер өздерінің болашағын әскерге тапсыруға дайын

Елін қорғауға, мүлтіксіз адал қызмет етуге ант берген жастардың жігері айтпай-ақ байқалып тұрды. Арнайы мерекелік әскери киім үлгісімен сап түзеген азаматтардың бойында еліне деген патриоттық рух пен жеріне деген сүйіспеншілігі басым.

Ант беруге 5 минут уақыт қалғанда
Ант беруге 5 минут уақыт қалғанда

Айта кетейік, біздің әскердің ұлттық кадрларын тәрбиелеп жүрген бұл оқу орны еліміздегі бірден бір үлгілі мектептердің қатарында. Ендігі үміт, еліміздің ендігі тыныштығы ант қабылдаған жас сарбаздың қолында.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*