Республикалық тәлімгерлер форумы өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде бірінші Республикалық тәлімгерлер форумы өтті.
Форумға мемлекетіміздің 14 облысындағы жоғарғы оқу орындарының тәлімгерлері мен өкілдері қатысты.

Форумға қонақтар келіп өздерінің ойларын жеткізіге тырысты
Форумға қонақтар келіп өздерінің ойларын жеткізіге тырысты

Қазіргі таңда қоғам алдында жан-жақты дамыған, білімді де білікті мамандарды даярлап, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру мақсаты тұрған кезде, жоғарғы оқу орындары тәлімгерлерінің алатын орны айрықша.Форумның басты мақсаты-жоғарғы оқу орындарының тәрбие беру жұмыстарын жетілдіре түсүге арналған тәжірибелі тәлімгерлердің пікірталасын ұйымдастырып,тәжірибе алмасу болып табылады.

Форумға келушілер өздерінің баяндамаларын оқып түсіндіруге тырысты.
Форумға келушілер өздерінің баяндамаларын оқып түсіндіруге тырысты.

Форум жұмысының негізгі іс-шарасы-5 негізгі тақырыптық бағыттан тұратын пікірталас алаңшалары-секцияларында өтіп, форумда жоғарғы оқу орындарындағы тәрбиенің жан-жақты негіздерін қалыптастыру жолдары, рухани және толеранттылыққа тәрбиелеу, студенттердің саяси және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*