«Рахат» тәттілеріне саяхат

«Рахат-Шымкент» ЖШС қаланың шетінде үйлердің арасында орналасқан. Мынадай үлкен жазуы болмаса, мұнда шымкенттіктердің мақтанышы болған кәсіпорын барын байқамайсың да. Тіл үйірер кәмпит, вафли жасап шығаратын мекеменің сыртқы көрініс осы
Кәсіпорын қызметкерлері 4 қабатты мекеменің тыныс-тіршілігімен жергілікті БАҚ өкілдерін таныстырды.Тіл үйірер кәмпит, вафли, печенье, зефир жасап шығаратын мекемеге саяхат жүргізбес бұрын журналисттерге ақ халат пен орамал берілді
Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар «Рахат-Шымкент» ЖШС-нің жұмысымен танысуға оператор екеуіміз сақадай-сай дайынбыз
Бұл кәсіпорын қосымша өндіріс алаңын ұйымдастыру мақсатында 2000 жылы Шымкент қ. «Рахат-Шымкент» ЖШС құрылған болатын. Кәсіпорын 30 дан астам атауы бар 4 түрлі: карамель, зефир, печенье және вафли өндіреді
Ол — диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Мәселен, мына бисквит цехі сағатына 9000 келі, тәулігіне 24 тонна өнім дайындайды

 

«Рахат Шымкент» АҚ-нда 600-ге тарта адам жұмыс жасайды
Жұмыс үш ауысымда ұйымдастырылған. Барлығы автоматты жүйеде. Бір жерде қамыр иленіп, бірінде печенье кесіліп, вафлиге крем құйылуда
Вафли өндiру жұмысымен де таныстық. Мұнда сағатына 360 келi өнiм шығарылады. 18 адам жұмыс iстейдi, қасында бiр слесарі бар
Кәсіпорында 4 бригада 3 ауысыммен қызмет атқарып, тәулігіне 24 тонна өнім шығарады
Бұрын өлшеп сатылатын өнiмдер көп болатын. Бүгінде қағазға орап шығарылатын печеньелер дайындау қолға алынған екен. Ал біз саяхат барысында суретке де түсіріп, қызметкерлермен де сұхбаттасып, стэндап жазып та үлгеруге тырыстық
Екінші қабатта түрлі түсті, шоколадты кәмпиттер жасалуда. Карамельдің 14 түрі өндіріледі: жеміс-жидекті, глазурлі кәмпиттердің сағатына 465-580 келісі өндіріледі
Тіл үйірер кәмпит жасап біз де көрдік. Тез-тез жинақтап, машинаға салып тұрсаң болғаны!

 

Әр отбасының сүйікті тіс басарын бізде татып көрдік. Исі мұрныңды жарып, жемегеніңе қоймайды. Әр қайсысынан дәм татып жүрген мұндағы қызметкерлер қандай күйде екен?!
Көздің жауын алар зефир дайындайтын цехқа да жеттік.Мұнда ақ-қазыл, шоколадты зефирдің екі түрі дайындалады
Бұл цех қыркүйекте енді іске қосылыпты. Өнім жаз айларында еріп кететіндіктен тек салқында ғана өндіріледі
«Рахат-Шымкент» ЖШС-нің өз қоймасы бар. Оған 100 тонна дайын өнім сақтауға болады. Фабрика былтыр 14 мың тонна кондитерлік өнім шығарған

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*