«Отырар-tv» телеарнасының мерейтойына жасалған ерекше сыйлар

Барлығымыз асыға күткен сәт те келіп жетті. Тәуелсіздіктің құрдасы, сонау қиын-қыстау кезде құрылып, бүгінде тілшілердің мектебі бола білген «Отырар» телеарнасы өзінің 20 жылдық жасын тойлады. Бұған дейін атаулы күнге орай ұйымдастырылған түрлі байқаулар туралы айтқан болатынбыз. Ал бұл жолғы мереке халықпен бірге өткізілді. Таңғы сағат 10.30-да басталған салтанатты мереке тікелей эфирде өтіп, кешкі сағат 19-дар шамасында аяқталды. Айта кетерлігі, біздің ұжымды құттықтай келген әрбір қонақ құр қол келмепті. Әрқайсысы ерекше сый жасап, отырарлықтардың көңілін көтеріп тастады. Сондықтан назарларыңа ең ерекше сыйлықтар туралы фоторепортажды ұсынып отырмыз.

Микрафон бейнесінде пірісілген тәттілер-ерекше сыйдың алғашқылары болды
Құшақ-құшақ гүлдер , әсіресе қыздардың қуанышына айналды
№6506 әскери бөлімінің бір топ сарбаздары да құттықтаудан сырт қалмады
Суретші Нұрсейт Ибаргимов телеарнадағы барлық тележурналистердің суретін салған плакатты сыйлады
Жүздеген тәттілер қойылған мұнара
Ал екі корзинаға толы тәтті алма-нағыз сый болды
Балалар өнер мектебінің ең кішкетай бишілері керемет би биледі

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*