Оңтүстіктің көкпаршылары жеңімпаз атанды

 Оңтүстік Қазақстан облысының жас көкпаршылары Павлодар қаласында  өткен Қазақстан чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Көкпаршыларымыз ақтық ойында Өскемен командасымен сынға түсіп, 2:0 есебімен жеңіске қол жеткізіпті.

Сондай-ақ ұлттық ойындар Чемпионатында теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ сынды спорт түрлері бойынша да сайыс өтті. Жерлесіміз Мейірбек Әбдінәсір аударыспақ бойынша 80 келі салмақта бірінші орынды, Жасұлан Қалдыбаев 40 келі салмақта екінші орынды қанжығасына байлады. Айта кетейік, ең үздік ойыншы мен ең көп салым салған шабандоз номинациясының иегерлері де біздің облыстан.

 

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*