Оңтүстік жастары нашақорлықпен күреске шықты

Оңтүстік жастары есірткіге қарсы

Оңтүстік жастары есірткісіз болашақты қалайды. Ғасыр індетінен жиіркеніп, салауатты өмір салтын саралайды. Жас толқын есті болуға қадам басты. Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған шеруге өңірімізге қарасты аудан-қалалардан келген 15 команда қатысты.

Қарашаның біренен басталған шеоу өз мәресіне жетті. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, білім басқармасының арнайы сыйлығы сараланды. Ақтық сында нашақорлықпен экстремизмге қарсы қойылымдар қойлып, өзекті тақырып талқыланды.

Азат Темір, Ордабасы ауданы командасының топ басшысы: «Жаман әдетке жақындамау әркімнің өз санасына байланысты.Есі бар адам есірткі тұрмақ, темекіге де жақындамайды. Ата-анасының аманатын ақтап, тәрбиелі болып, түзу жолда болғанын қалайды».

Кентау қаласынан келген команда есірткі еліткен жас құрбандардың санын жатқа біледі. Туған қаласында тағдырына балта шабатындардың қатары азайып жатқанын мақтан тұтады.

Аяжан Абдібек,Кентау қаласы қомандасының мүшесі: «Бізді нашақорлар қаласы дейтін жат пікір қалыптасып қалған. Мүмкін бұрын сондай даамдардың саны көп болған болу керек. Алайда бүгін олардың қатары азайған. Біздің қалада ресми түрде тіркелген уыт құмарлардың саны азайыпты. Сол бізді қуантады. Жастар сауатты болса, салауатты өмірді қалайды».

Бас кезеңнен тұрған байқаудың негізгі мақсаты-егеменді елдің естін ұрпағын тәрбиелеу дейді ұйымдастырушылар. Облыстық білім басқарамасы бастығының орынбасары Серік Әуесханның айтуынша, мектеп оқушылары өз шығармаларында ғасыр індеті өмірлеріне балта шабатындарын ашық айтып, есесіне өзімен оның отбасы шапа шегетінінді жазады екен.

Жастар шеруі мәресіне жетті. Ендігі міндет-жат қылықтан аулақ болып, жастық шақтың алауын жандандыру.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*