ОҚО-ның оқушы ғалымдары анықталды

Облыстың дарынды оқушылары білім деңгейлерін өзара сынады. Облыстық ғылыми жобалар олимпиадасы 16 бағытта өтпек. Оған 300-ге тарта оқушы қатысты.  Айта өтейік, жастарды білімге, ізденімпаздыққа баулитын жобаға қатысуға өңіріміздің түкпір-түкпірінен мыңнан аса оқушылар өтініш берген. Алайда, жарыстың ережесі бойынша тек 300-і ғана байқауға жолдама алды.

Марапаттау рәсімі
Марапаттау рәсімі

Олардың 96-сы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әрбір оқушының талабын өсіру үшін, облыстық білім басқармасы бірінші орынан-біреу, екінші орынан-екеу, үшінші орынан-үш оқушыны жеңімпаз деп тауыпты.

Жеңімпаздардың барлығы №8 гимназияда он-лайн режимде республикалық тест тапсырып, байқаудың келесі сатысына жолдама алды.

Ғылыми жоба конкурсы жүлдесінің басым бөлігін кентаулық дарынды оқушылар қанжығасына байлапты. Мұндай жетістікке жетекшілерінің арқасында қол жеткізіп отырғандарын мойындап, шыңдап отырған ұстаздарына алғыстарының шексіз екенін жеткізді.

Жүлденің басым бөлігін кентаулықтар қанжығасына байлады
Жүлденің басым бөлігін кентаулықтар қанжығасына байлады

Математика саласы бойынша Кентаудағы №3 дарын мектебінің 10-сынып оқушысы Ақерке Әбікенова, жеңімпаз атанды. Ол алдағы республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғап, жүлделі орын алатынына сенімді.

Барлық жеңімпаздарға облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Серік Әуесхан арнайы марапат көрсетіп, алтын асық пен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*