Мультфильм көретіндер көбейді

Көбіне мультфильмді көруге балалар әуес. Десе де дәл қазіргі уақытта мультиктер өте қызықты әрі шытырман оқиғаға толы болып жарық көруде. Сондықтан балалар тұрмақ үлкендер тарапы да қызығушылық танытуда. Жапондық ғалымдардың анықтауына жүгінсек, мұндай балаларға арналған мультфильмді көру адам ағзасына өте пайдалы. Проблемаларды ұмыттырып, жүйке жүйесінің жұқаруынан сақтайды. Бұл аз десеңіз, қызықтырып, күлкіге қарқ қылатын кездері де бар. Мәселен, бұрындары «Ну, Погоди» сұранысқа ие болса, бүгінде «Том және Джерри» хикаясы кеңінен танымал. Және адамның жас ерекшелігін таңдамайды. Дүниежүзін анықтап, салыстыра қараған ғалымдар, осы «Том және Джерриді» көретін балалар саны мен жасы 18-ден асқандар көрсеткіші тең екенін дәлелдеген.

«Том және Джерри» мультигі үлкен сұранысқа ие болып отыр

Осылайша, мультфильмді көретіндер қатары қалыңдауда. Адамның ойлау қабілетін дамытуда да шеберлік танытатын мултиктер болып отыр. Мультфильм көріп отырған адам алдағы күндерге жоспар құрып қана қоймай, көңілі де көтеріледі. Тамаққа деген тәбеті де артады екен. Қытайлық ғалымдардың айтуынша, мультфильм уайым-қайғыны ысырып, салмақтылыққа баулиды. Адамды жасартады. Сондай-ақ мінез-құлықтың өзгеруін де қадағалайды. Тұйық адамдар жадырап шыға келеді. Дәл осы дәлелдемелерді қытайлық зерттеушілер 10 адамға жүргізген. 5 бірдей адам кәдімгі телесериалдар тамашаласа, 5-уі тек мультфильм көрген. Нәтижесінде, небәрі 6 айдан кейін кино көрген 5 адамның жүйке жүйесі сыр беріпті. Ал муьтик коргендер өмірге деген құштарлығы артқан көрінеді.

Мультфильм көру — адам жанын жадыратады

Дәл осы дәлелдемеден кейін, қазіргі қоғамда балаларға базарлық сыйлайтын мұндай мультфильмдерге үлкендер де тапсырыс беруге көшкен. Ендеше, қоғамды көңілді әрі кез келген дүниеге байыппен қарайтын адамдар жайлайды деп сенейік. Айта өтейік, бүгінде қаншама бала мультик көріп, ақылы кіріп, санасы дамып жатыр. Әрине, тек қызықты әрі балаларға арналғаны ғана рұқсат етіледі. Ал үлкендер мен балаларға арналған түрлері де жетерлік. Белгілі бір тарихтан сыр шертетеін дүниелер де жарыққ шыққан қазір. Бұларды көргенде жас бала білімін жетілдіре түседі. Ал қазақтың «Алдаркөсе» сынды ертек-мультфильдері адамды салт-дәстүрден сауаттылыққа шақырып қана қоймайды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды ұлықтауға шақырады. Көптеген халықтық дүниелердің атын атап, мән-мағынасын да жіліктеп көрсетеді. Осылайша, қазақтың тұрмыс-салтынан да хабардар етеді. Ал елбасы турасында жарық көрген дүние Қазақстанның болашағы-балдырғандарға дұрыс тәрбие беру турасында жасалған. Бүгінде көптеген отандық сапалы мултьфильмдер жарық көруде.

 

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*