Мемлекетке қол жаятын шақ өтті

Ел ертеңі -жастардың қоғамда алар орны ерекше. Соған орай, бүгінгі күні алғыр да батыл жастардың мемлекет, қоғам өміріне белсене араласуы уақыттың талабы. Сол себепті де жастар саясаты мәселелерінің жиі сөз болуы орынды құбылыс.

Әрине, жастар мәселесін жалпы қоғамнан бөліп жарып-қарауға болмайтын шығар. Өйткені, қоғамдағы проблемалардың бәрі ондағы әлеуметтік топтардың барлығына ортақ. Десек те, мемлекеттің келешегі саналатын жастардың мәселесі – қоғам алдындағы ең маңыздысы, әрі бірегейі. Оңтүстіктің жастары өздері туралы заңға бейғам қарамайтынын осыған дейін де талай рет білдірген болатын.

Шымкенттің жалынды жастары

Жастар мәселесіне Елбасымыз үнемі тоқталады. Олардың қордаланған мәселелерін шешудің жолын қарастырып, талқыға салуда. Жастардың үн қосқаны да көңілге қонымды. Шымкенттің белсенді жастары да ұсыныстарын жинақтаған хат жіберген болатын билікке. Жасты жас басқарсын деген ұранмен флешмоб ұйымдастырып, жастар саясатын солқылдатпауды да сұранған.

Соңғы кездерде жастар арасында көптеген сауалнамалар жүргізілген еді. Соның нәтижесінде жастарды тол-ғандырып жүрген мәселелер мен олардың талаптарын анықтау мүмкіндігі туады. Оларды жұмыссыздықтан бастап, баспана, жолкіре сияқты сұрақтар толғандырады.

Жоғарғы оқу орнын бітіріп, қолына диплом ұстаған әрбір жас түлек жұмысқа орналасу жайын ойлаумен болады. Өйткені, елімізде жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі әлі де жүйелі шешілмеген. Әсіресе, тәжірибесі жоқтығын сылтау етіп, жұмысқа қабылдау-дан бас тартатындар жетіп артылады. Мемлекет тарапынан бұл мәселеге назар аударылып, республика бойынша «Жастар тәжірибесі» жобасы жасалынып, бұл жоба жоғарғы оқу орындарын, колледждер мен өзге де орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жас түлектерге мемлекеттік көмектің қосымша мөлшері болып табылады. Жас мамандар үшін бұл, ең алдымен, басқа да тәжірибелі мамандармен бәсекеге түсу үшін тәжірибе жинақтау мен жұмыс істеудің бастамасы болмақ.

Жалындаған жастар, Андрей мен Мағжан

Қазақ жастарының негізгі бөлігін ауыл жастары құрайтындықтан жастардың әлеу-меттік жағдайын, сауаттылық деңгейін, саяси белсенділігін тек қала жастарының сипатымен қарауға болмайды. Бірақ, өкінішке орай бұл мәселе бізде ушығып тұр. Өйткені, ауыл жастарын ұлттық мәдениетке, ұлттық рухқа, білімге деген көзқа-растарын өзгертетін арнайы құрал кітапхана, клуб бәрі жабылып, жастардың бос уақытын өткізуі дұрыс жолға қойылмауы сияқты келеңсіз құбылыстар жоқ емес бар. Соның салдарынан қыл-мыстың жастар арасында өсуі проблемаға айналып отыр.

Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екенімізді еске салған көшпелі жиын осылайша қорытындыланды. Жастардан жағымды ұсыныс естігенімен барлығы жұртшылыққа таныс, айтылып жүрген мәселелер. Десе де, оңтүстік жастарының «Біздің үкімет алдындағы міндетіміз қандай?» деген сауалы Дариға Нұрсұлтанқызының сұранысына дөп түсіпті.

Жастарға жол сілтеп қана қоймай, қанат бітіріп кеткен жиыннан жалынды жас не алды? Ұсынған ұсыныстары орынды деп ойлай ма? Жастар саясатына бей-жай қарамайтындықтарын жеткізе алды ма? Міне, осындай сауалдарды арқалап патриот жастардың есігін тағы қақтық.

Береке Дүйсебековтың кабинетінде жиында сөз алған Мағжан мен Александр отыр. Әлі жастар жайлы әңгіме дүкен құруда. Жиыннан соң шармағандарын, қайта күш алып, серпіліп қалғандарын жарыса жеткізді. Алдыңғы толқын ағалардың кейінгі ұрпақ қамымен талай ауқымды жұмыстарды атқарып жүргендеріне дән риза. Жастар туралы заңға үлес қосып, өз қамымызды өзіміз ойлағанымыз дұрыс дейді.

Береке Дүйсебеков. ОҚМУ-дың жастар комитетінің төрағасы

Береке Дүйсебеков,ОҚМУ-дың жастар комитетінің төрағасы: «Біз мемлекетке алақан жаяатын шақтан өттік. Елбасымыздың өзі бастап, жастардың жайын жасап-ақ жатыр. Енді, мен мемлекетке не беремін деген сауал төңірігінде ойланатын кез келді».

Мемлекет тарапынан жасылынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені, өмір ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Бағдарламамызды Әл-Фараби бабамыздың дана сөзімен аяқтағанды жөн көрдік. Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара. Болашақтың іргесін бірге қалайық десек, жастардың мәселесін қазірден қолға алайық ағайын!!!

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*