Мектеп оқушылары АИТВ дертіне қарсы күресуде

Бұл күні оқушылар қойылымы көше бұзақылары жайында болғанымен, «адамның иммун тапшылығы вирусы» дертіне қарсы күресі де ашық көрініс тапқан. №24 мектепте қаламыздағы 80-нен астам білім ұяларының оқушылары бас қосып, аты суық індетке қарсы акция ұйымдастырды. Қойылымдағы басты рөлді 16 жасар Бақдәулет Аралбай сомдады.

АИТВ жұқпасына қарсы бағытталған қабырға қағаздары ілінді
АИТВ жұқпасына қарсы бағытталған қабырға қағаздары ілінді

Бақдәулет Аралбай, оқушы: «Әрине, мен достарыма осы бір дерттен аулақ үрейік дегім келеді. себебі болашағымызға балта шабатын бұл сұмдық ауру бізге жат! Сондықтан ғасыр дерті, емі жоқ деп жатамыз. Өлімге өзіміз қадам баспайық десеңіздер, бойларыңызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтып қалыптастырыңыздар! Бүгін қойылымда басты рөлді сомдап жатырмын. Көп дүниені түсіндім.  Байқағаным СПИДтің соңы — өлім! Сондықтан достарым, жарқын өмір баспалдағымен жүрейік!»

Оқушылар АИТВ жұқпасына қарсы бағытталған іс-шараға белсене қатысты
Оқушылар АИТВ жұқпасына қарсы бағытталған іс-шараға белсене қатысты

Дүние жүзі бойынша дәл осы дертті жұқтырған адамзат баласының саны қорқынышты! 34 миллионға жуық. Бұл мәліметті 2001 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артқан! Ал Қазақстандағы Республикалық «Адамның Иммун Тапшылығы Вирусы» орталығының зерттеуіне сенсек, бұл инфекция таралуының жоғары көрсеткіштері Алматы қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарында тіркеліп жатқан көрінеді.

№54 мектептің 9-сынып оқушысы Айгүл Әзбекова АИТВ дерті туралы білетін мәліметтерін достарына айтып, кеңес айтты.
№54 мектептің 9-сынып оқушысы Айгүл Әзбекова АИТВ дерті туралы білетін мәліметтерін достарына айтып, кеңес айтты.

Гүлжан Әмірқұлова, ОҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы: «Жасырмаймыз, бүгінде жастар арасында да осы бір аты суық тізімге тіркеліп жатқандар жетерлік. Сондықтан да біз бүгін осындай ауқымы кең шаралар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге кіріскенбіз. Егер, дұрыс түсінсе, мұндай жағымсыз оқиғалар болмас еді. Барымызша түсіндіріп жатырмыз енді. Енді жауап жастардың өзінен! Ел болашағы  — жастолқыннның болашағы бұлыңғыр болғанын біз қаламаймыз ғой. Сондықтан жаман әрекеттерден бойларын аулақ ұстағандары абзал деп есептейміз!»

Мектеп оқушылары осылайша аты суық дерттен хабардар болатын мәліметтерді достарына толығымен түсіндірді бұл күні. Таралу жолдарын да ашық айтты. Айта өтейік, акция аясында Адамның Иммун Тапшылығы Вирусы – ғасыр дертінен хабардар болатын және сенім телефоны бекітілген түсіндірме парақшаларын да таратылды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*