«Мафия мен Тақия» театры 10 жылдық мерейтойын тойламақ

«Мафия мен тақия» жаңа жобасын ұсынады! Анығырақ айтсақ, театрдың белді әртісі, продюсер Сәбит Әбдіхалықов шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Айтуынша, бұл театр жуырда 10 жылдық мерейтойын дүркіретіп тұрып өткізбек.

Сәбит Әбдіхалықов шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті
Сәбит Әбдіхалықов шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті

Сәбит Әбдіхалықов, әртіс: «Ия, кезінде халық асыға күтетін, күлдіргенде айды аспаннан шығаратын «Мафия мен Тақияны» ел асыға күтіп жүргені бар. Сондықтан біз де қызу дайындық үстіндеміз. Жуырда 10 жылдық мерейтоймызды жоспарлы түрде өткіземіз деп отырмыз. Бұл той 23-наурызда , Алматы қаласының төрінде өтпек. Мен бармын, Жанатбек, Сафуан, Дима деген сияқты талантты актерлеріміз білек сыбанып, қызу дайындық үстіндеміз. Сонымен қоса, «Шаншар», «Алдараспан» театры арқылы да елге кеңінен танылған таланты актриса Жұлдызай қарындасымыз да бізге келіп жатыр. Сондықтан «Мафия мен Тақияның» ел алдына жарқырап шығатынына сенімдімін. Алла қаласа, Шымкентке де гәстрөлдік сапармен келетін боламыз.

 Бұл продюсердің "Несиеге махаббат" кинокомедиясы
Бұл продюсердің «Несиеге махаббат» кинокомедиясы

Ал қазір халық нағыз әзілді ұмытып қалған сияқты ғой. Бірақ түсінуге де болады. Себебі, театарлардың әртістері — көңілді тапқырлар клубының өнерпаздары басып алған. Сосын ол әзілдің астарлы мағынасы да жоқ, жеңіл, әрі жұртшылықтың есінен сол арада шығып кетеді. Мәдениеттілік пен сахнаны сыйлаудан жұрдай бола тұра,» театрмыз» деп шыға келеді ғой тағы. Көпке топырақ шашпаймын, алайда мұндайлар бар екенін білеміз баршамыз. Өнер деген — қасиетті өлке! Сондықтан әрбір әзілдің астары мен діттеген мақсаты болуы керек! Театрдың болмысы да осы арқылы жасалады емес пе?! Осыны ұматпаса болар еді…»

Өнер әлемінде бәсекеслестік деген көп болатын шығар?

— Болатын шығар (күлді). Өнер — бұл қасиетті мекен! Өнер — үлкен бәйге! Өнер әлемінің заңы терең меңгерген адам ғана жеңіс тұғырынан көріне алады. Ал өз басым, бәсекелестік, бақталастық деген дүниелерге табиғатым жат. Менің уақытым да жоқ біреумен бәсекелесіп жүруге, шынын айтқанда. Ешқашан біреудің жолын кестестеген жан емеспін, егер мені басып озғысы келсе, оза берсін… Бірақ, мені аяқтан шалса, менің әңгімем басқаша болады ол кезде…

Продюсер Сәбит Әбдіхалықов өнерде ешкіммен бәсекелес болмағанын айтады
Продюсер Сәбит Әбдіхалықов өнерде ешкіммен бәсекелес болмағанын айтады

— Алда қандай жоспарларыңыз бар?

— Жоспар көп! Мысалы мынау Алтынай мен Айгүлдің шығармашылық кештері бойынша бүкіл Қазақстан қыдыру керек. Менің «Мафиям мен Тақиям» бар… Оған да жоғары дайындығым керек… Негізі адамда арман мен жоспар таусылмайды ғой. Сондықтан не болса да барлығы елдің алдында, назарында жүзеге асатын болады. Бәлкім кино түсіріп те қалуым мүмкін…

 

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*