Мақсат Айтжановтың Астана күні жайында айтары көп

Астана! Астана! Астана! Арман қаланың туған күні Шымқалада дүркіреп өтті. Оңтүстік жұлдыздары да көпшілік алдында өз өнерлерін ортаға салып, думанды кештің мәртебесін көтерді. Айта өтейік, мерекелік шара «Астана — жүрегіміз»  тақырыбы аясында ұйымдастырылып, әл-Фараби алаңында халықтың қатысумен айрықша тойланды. Десе де жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлаған өнерпаздар кешке өз бағасын беруді ұмытпады. Мәселен, Мақсат Айтжанов өзінің оймақтай ойын жеткізді тұрғындар алдында. 10 жылдық тоймен салыстыра талқылады. Көкейтесті көзқарасын білдірді осылай.14 жасқа толған жас қала Астананың аяқтан тұрып, төрткүл дүниені тәнті еткеніне куә болдым дейді өнер иесі.

Мақсат Айтжанов Астана күнін Шымкентте тойлады

Мақсат Айтжанов, әнші: «Мен расында да таң қалудамын. Мұндай думанды тойды есіме түсіріп саралап қарасам, Астананың 10 жылдығында жоғарғы дәрежеде тойланыпты. Мерекелік шараның мәнін, сәнін кіргізетін талантты өнерпаздар болғандықтан, бүгінде олар дайындықтарын пысықтап, халық алдында бар өнерлерін көрсетті. Айта өтетін жәйт, 10 жылдық әсерлі тойына қарағанда осы бір 14-ші тойы анағұрлым  жақсы тойланды деп ойлаймын. Олай дейтін себебім де белгілі. Еліміз күннен-күнге дамып, өркендеп гүлдену үстінде. Бұрындары өзге елдер Қазақстан деген елді жатсына қараса, бүгінде достық ілтипат танытып жүр. Мұның өзі — Қазақстанның даму-деңгейін таразыласа керек. Еліміздің ертеңі де осы елордамыздың діңгегіне байланысты болғандықтан, Астанамыздың күн санап көркейуіне тілектеспіз. Қазақстан осы бір 14 жыл ішінде талай асуларды бағындырып, талай  жетістіктерге қол жеткізді. Астананың тұсында өзге дамыған елдермен терезесі тең түсіп, мерейі үстем болды. Сол себепті, Астананың гүлденуі — Қазақстанның қанатының кеңге жайып, дамуының дәлелі екенін ұмытпайық дегім келеді».

Осы сөздерін шегелеп айтқан Мақсат Айтжановтың жүзінен қуанғаны байқалды. Осыған қарап-ақ әншінің бұл мерекеге деген құрметінің шексіз екенін байқадық.Сондай-ақ әнші өз сөзінде жыл сайын бұл күнді асыға күтетінін де айтты. Міне, елім деп жүрген ердің сөзі. Сондықтан, қазақтың әрбір ұлы осылай елінің жетістігіне қуанып, қиындық орны алған жағдайда демеу болуды парыз санауы маңызды. Ендеше, ел, қала берді еліміздің жүрегі — Астана дегенде шығарға жаны бөлек жандардың қатары қалың болса игі. 1998 жылы Ақмолаға Астана атты асқақ есім берілгелі бері, өз мәртебесімен марқайып келеді.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*