Көзілдіріктің біз білмейтін пайдасы мол

Жаз мезгілі басталғалы бері көзімізден көзілдірік тастамайтын болдық. Оның себебі де белгілі. Қоршаған ортадағы зиянкестен қорғайды. Сондай-ақ күннің аптап ыстығында да көздегі қысымды бір қалыпта ұстап тұрады. Көзілдірік — адамның көзін ортадағы зинкестен ғана қорғамайды, сондай-ақ күн көзіне қараған бойда бірте-бірте пайда болатын көз айналасындағы әжімдерді түсуден де сақтайтын көрінеді. Сол себепті де жаздыгүні көпшілік қауым көзілдіріктің көмегіне жүгінеді. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы көзілдірік таққанда жүйке жүйесі тынышталады екен. Себебі, көзге көрініп тұрған ортадағы барлық мәселелерді шетке ысырып қоятын дербестік әсер етеді. Сол кезде адам миы демалып, жан-жақтағы құбылысты бір сәтке болса да ұмытуына мүмкіндік туады.

Көзілдіріктің көп пайдасы бар

Қас пен көздің арасындағы құбылыстарды да бей жай қабылдатып,  ,арынша қоршаған ортаның залалынан қорғайтын көілдіріктің көпшілік біле бермейтін қасиеті мол. Айналаңа да өзгеше көзқарас қалыптастырып, өткенді еске түсіретін де осы көзілдірік деседі. Дерек-дәйектерге сүйенсек, 20 адамға көзілдірік таққызып зерттеу жүргізген екен. Салдарынан 20 адам да өткенге көз жүгіртіп, біраз жәйттерді еркін есіне түсіре алыпты. Ал көзілдіріксіз тұрған 20 -сы ештеңені есіне түсіре алмағанын жеткізген. Міне, дәл осы дәлелдемелерге сенсек, расында да көзілдірік — адамның сақтау қабілетін арттырады екен. Сондықтан, атақты әнші Pitbul көзінен көзілдірікті тастамай жүреді. Бұл әнші де өзінің берген сұхбтында көзілдірікті мақтаныш немесе «жұлдыз» ауруына шалдыққаннан емес, тек өзім үшін тағамын. Себебі, көзілдіріктің пайдасы мол. Көп мәселені терең түсініп, ойыңмен талқылауда да  қосар үлесі көп. Бастысы, мидың демалуын қамтамасыз етеді, салмақтылыққа үйретеді, — депті әнші.

Көзілдірік кез келген көз мәселесінен құтақарады дейді мамандар

Міне, сол кезден бастап әлем жұртшылығы бұл әншінің көзілдірікке неліктен тәуелді екенінен хабардар болыпты. Айтып, айтпай не керек көзілдіріктің денсаулыққа әсерін талдайтын болсақ, көздің шаршауын басады. Қоршаған ортадағы зиянкестерін қоспағанның өзінде, кірпіктердің түсуін тоқтатуда да белсенді әрекет етеді. Көздің қызарып, қантамырларының көрініп ауруынан да сақтайды. Мәселен, кей кезде адамның бүйрегі ауырып немесе суды көп көлемде тұтынған жағдайда  көзі ісіп кететін жәйттер болады. Бұл жағдай да да көзілдірік көмек береді. Көпшіліктен ұялсаңыз, бұл таптырмас көмек. Сізді көз мәселесіндегі кез келген қиындықтан алып шығады. Сол үшін әлемдегі күллі елде көзілдірік үлкен сұранысқа ие. Кей адамдар «тек жаздыгүні қолданамын» дегенімен, қыстыгүні аппақ қарға көзі шағылысып, көзілдіріктің көмегіне жүгінетіні жасырын емес. Яғни аппақ қардың көзге шағылысатын меруерттері көзге залалын тигізеді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*