«Көпмитордың» пернетақтасы қазақшаланатын күн алыс емес

Техника дәуірінде сол көпмиторыңызсыз жұмысымыз алға баспайтын болғанын бәрі мойындайды. Сегіз сағаттық жұмыс пернетақтаға үңілуден басталып, жоспарымыз сол арқылы жүзеге асып жатады.

қазақша пернетақталар сатылымға шығады

Осыдан бес-алты жыл бұрын стөлден жылжымайтын миы көп жәшігімізді бұл күнде екінің бірі көтеріп, қолтықтап жүр. Бір әттегенайсы компьютердің пернетақталары қазақша сөйлемейді. Бірақ бағдарламашыларымыз қазақша әріптерді ендіріп үлгеріпті.

Алла жазса, көп ұзамай қазақша пернетақталар пайда болады екен. Яғни алғашқы қазақ тілінде жасалған пернетақта желтоқсанда сатылымға шығады. Қазақ тілінде жасалған пернетақталардың алғашқы легі желтоқсанның ортасында Қазақстан нарығында сатылымға шығарылады. Бұл жөнінде Алматы қаласындағы Халықаралық университеттің ректоры Дамир Шыныбеков жариялады.

«Желтоқсанның ортасына дейін бізге алғашқы 1000 дана пернетақта әкелінеді. Бірінші пайдаланушылар ІТ Университеттің студенттері мен қызметкерлері болмақ. Бізге сынақ тәртібінде жұмыс жасау үшін 300 құрылғы беріледі. Сондай-ақ жаңа пернетақтаны Алматы мен Астананың төрт мектебінде пайдалану жоспарлануда, ал қалғанын «Логиком» желісі арқылы бөлшектеп сату жүзеге асырылады», — дейді Д.Шыныбеков.

Еске сала кетейік, Халықаралық ІТ Университет студенттері Ерғали Адамбаев пен Диас Жүнісбеков қазақ тілінде жасалған компьютер пернетақтасын ойлап тапқан болатын. Олар өз идеясын патенттеп, Қытайға құрылғының сынамалық партиясына тапсырыс берген

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*