Кәмелетке толмасаң, кешке көшеде жүрме

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бүгінгі таңда 40 бала бар. Олардың 22-сі кешкі уақытта ата-анасының қарауынсыз көше кезіп, қолға түссе, қалған 18-і әлеуметтік жағдайларына байланысты болашақ балалар үйін паналаушылар. Тағдыр тәлкегіне ерте түскен олардың тыныс-тіршілігі үйдегі балалардан өзгерек.

8-сыныпты енді бітіріп, қалаға туыстарының үйіне қыдырып келіп, бейімдеу орталығынан бір-ақ шыққан Бекзат Ақтас ауылында тұрады. Кеше кешкісін жөндеуде жатқан ұялы телефонын алып келуге шыққан бойда полиция қызметкерлері ұстап, түнде ата-анасынсыз көшеде жүргені үшін айыптап, орталыққа әкелген.

Кәмелет жасқа толмағандар тәртіп сақтағаны жөн

Бекзат секілді мұнда 22 бала бар, кәмелетке толмаған. Тағдыры қиын жасөспірімдердің басым бөлігі кешкі сағат 10:00 ден кейін көшеде жалғыз жүрмеуі керегін білмейді. Керек десеңіз, ата-аналары бұндай Заңның барына пысқырыпта қарамайды.

Білім басқармасына қарасты бейімдеу орталығындағы 18 баланың бұл күнде құжаттары дайындалуда. Солардың бірі 10 жасар Қуаныш Жұмашев. Болашағы балалар үйімен тығыз байланысты болатынын біледі. Ата-анасы маңдайынан сипамаса да, мемлекеттің одан теріс айналмағанына қуанышты.

Ертеңіміз есте болсын десек, бірге жұмыла кірісейік

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында құрылған орталыққа жыл сайын қазынадан қомақты қаражат бөлінеді. Сондықтан болар, оларға 4 мезгіл тамақ, киім-кешек беріледі.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*