Күннен қорғанудың дұрыс әдісі

Сурет http://mirsovetov.ru/ сайтынан алынды

Егер сіздің теріңіздің түсі мүлдем  аппақ болса, онда міндетті түрде күннен қорғайтын майларды қолдануға тура келеді. Бірақ қара торы болсаңыз да, бұл кеңеске құлақ түріңіз. Ультракүлгін көкшіл сәулесінің зиянды әсері мелениннің мөлшеріне қарамастан барлық теріге бірдей байқалады. Өткір күн сәулесі теріге еніп қана қоймай терінің иммунитетіне де зиянын тигізеді. Соның салдарынан келесі күні немесе он жылдан кейін  теріс нәтижесін беруі мүмкін.

Адам дұрыс күнге қыздырынып, күймегеннен кейін дипрессияға ұшырап , ашушаң болуы мүмкін. Сондықтан күнге қыздырынбас бұрын, оны қорғаудың да жолдарын білу керек.

Сурет http://e-burg.krasimo.ru сайтынан алынды

 

Күннен қорғайтын қасиеті түрлі дәрежедегі жақпаларды қалай қолдануға болады?

Мұндай майларды күнделікті қолдануға болады. Ал жағажайға шықсаңыз, арнайы күннен қорғайтын құралды сатып алу қажет. Олардың құрамында сүзгіштің қасиеті тұрақты және күшті заттар болады. Оның формуласы терінің одан кейін де күн астында тұруына мүмкіндік жасайды.Әрі бұл типтес препараттар терінің дұрыс күнге күюіне әсерін тигізеді.

СПФ күндіз бетке жағатын майлар күн көзінен қорғайтын майлардың орнын алмастыра ала ма?

Бұл қателік. Күн көзінен қорғайтын майлардан біржола бас тартуға болмайды. Көлеңкеде теріге күлгін сәулелердің 50 пайызы түссе, ал ашық алаңқайда 70 пайызға дейін әресін тигізе алады.

Көлеңкеде немесе бұлтты күндері күннен қорғайтын құралдар қажет емес пе ?

Сурет http://www.liveinternet.ru сайтынан алынды

Толықтай емес. Күнге қыздырынғаннан кейін жұмсартатын және жайландыратын  майдан басқа құралдардың құрамында күшті әсері бар анти аксиданттар болады. Мәселен жүзімның сығындысы мен көк шай. Мұндай майлар тері торларын қайта тез қалпына келтіреді. Есте ұстаңыз, мұндай құралдарды қолдана отырыпы, жас теріңізді сақтай аласыз. Қыздырынудың ең тиімді уақыты таңғы сағат онға дейін және 16 00 ден кейін. Ең дұрысы майларды күнге шықпастан 20 минут бұрын жағу.

Жарайды. Күннен қорғайтын майларды таңдауды дұрыс жасадық делік. Бірақ жағадайға шығуға әлі ерте. Осы сәтті пайдалнып, ішкі ағзаңызды нығайтып,ультракүлгін сәулесіне шығуда  тамақ ішіп әлденген дұрыс. Тамақ құрамында міндетті түрде жеміс жидектер мен құнарлы дәрумендер болсын. Олар күннің әсерінен бұзылған клеткаларды қайта қалпына келтіруде маңызды рөль атқарады. Балық пен дәмін келтіретін өсімдік майлы тағамдар дастарханнын көркі болсын.

One Comment

  1. Күнге дұрыс қыздырынғанға не жетсін. Демалып, жағажайға барып, уақыт табудың өзі жазғы кезде таптырмайтын демалыс кой.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*