Күлкі кешінен құр қалма

Күлкі фестивалі өтуде

Күлкі кешіне келіңіз! Ертең оңтүстік шаһарымызда алғаш рет «Әзіл әлемдері» күлкі фестивалі өтеді. Мақсат- әдемі қазақы қалжыңымызды шет елден келген қонақтарымызға таныстыру, сатира жанрын кеңінен насихаттау. Шараға ұйытқы болған ұйымдастырушы облысымыздағы әзіл-сықақ және сатира театры. Облыс әкімінен тікелей қолдау тапқан шара Шәмші әлемінде өтеді.

Кештің жүргізушісі

Басты қонақ — Ресей мемлекетінің Халық әртісі, атақты сатирик, жазушы Евгени Петросян мен Өзбекстандық, Қарақалпақстандық сықақшылар және Жапония мен Қытайдан келген әзілкештер. Сонымен қатар елімізде танымал, жас «Нысана, «Базар жоқ», «Күлкістан», «Шаншар» , «Шымкент шоу» әзіл-сықақ театрларының әртістері мен «Өнер қырандары» тапқырлар клубының жігіттері де халықаралық күлкі фестивалінің көркін қыздыратын болады.

 

«Сатира дегеніміз, күліп отырып жылау. Сондықтан бүгінде көременге күлкі

Алғаш рет күлкі фестивалі өтуде

сыйлау оңай емес. Оларды арзан күлкімен де алдай алмайсың. Ал мағыналы да маңызды дүние сыйлағыныңыз келсе, көрерменге біртабан жақындау үшін халықтың басындағы жағдайды айтып, шындықты астарлап жеткізу керек. Осы тұрғыда біз өзге өңірлердегі әрсетермен тәжірибе алмасатын боламыз. Сондықтан алғаш рет өткізіліп жатқан шара дәстүрін бұзбай, бір немесе екі жылда бір рет өткізіледі деген ойдамыз», — деді облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының директор міндетін атқарушы Марат Оразымбетов.

Ал күлкі фестивалінің тізгінін көремендердің көз қуанышы «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдрайымов пен «Базар жоқ» театрының директоры Тұрсынбек Қабатов алып, кешті жүргізетін болады.

One Comment

  1. БҰл жаңа бастама екен. Өте жақсы шара. Менің ойымша мұндай күлкі фестивальдерін, қаламыздағы телеарналар түсіріп, толық нұсқасын жиы жиі беріп тұрса, жақсы болар еді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.
Required fields are marked:*

*